АЛМАТЫ, 29 қазан — Sputnik. Алматы қаласындағы Esentay Mall сауда кешеніндегі адамдар шұғыл сыртқа шығарылды.
Esentay Mall кешенінің ішінде жүрген адамдар жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түскеннен кейін сыртқа шығарылды.
Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, құқық қорғау органы қызметкерлері шұғыл әрекет етті.
"Осы секілді хабарламалар келіп түскенде жүзеге асырылатын іс-әрекет шеңберінде орталықтың қызметкерлері мен қонақтары эвакуацияланды, сондай-ақ, жол-көлік полициясы осы объектіге жақын маңға қойылған көлік құралдарын басқа жерге көшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", — деді ол.