Видео

Астанадағы жаңа вокзалдан "өрт шықты" – видео

Жазылу
Астанадағы "Нұрлы жол" теміржол вокзалында адамдарға тез арада ғимараттан шығуға тура келді. Түс кезінде ғимараттан "өрт" шығып, вокзал алды өрт сөндіру көліктеріне толды

Абырой болғанда, мұның барлығы өрт сөндірушілердің кезекті оқу-жаттығуы болатын. Sputnik тілшісі оқиға орнында болып, өрт сөндірушілердің ғимаратты шын мәнінде қызыл жалын шарпыған кезде қалай әрекет ететінін видеоға түсіріп қайтты. 

Сценарий бойынша, жетінші қабаттағы техникалық бөлмеден қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. "Жалын" жақын маңдағы жабдықтарға таралып, жоғары қабатты түтін басты. 

Өрт болған жағдайда вокзал қызметкерлері не істеу керек?

  • 101 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке қоңырау шалды 
  • Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттағы адамдарды сыртқа шығарды 
  • Бастапқы өрт сөндіру құралдарымен тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. 

Өрт сөндірушілердің жұмысы

  • Өрт сөндірушілер тілсіз жау туралы хабар түскен бойда тиісті мекенжайға  жетті 
  • Оқиға орнында өртті сөндіруге дайындалып, қажетті құрал-жабдықтарын шығарды, зардап шеккендерді іздеді 
  • Апаттар медицинасы орталығы зардап шеккендерге көмек көрсетті 
  • Елордалық электр компаниясы ғимарат пен вокзал аумағында электр энергиясын сөндірді
  • Тілсіз жау ауыздықталып, өрттің таралуы тоқтатылды. 

Оқу-жаттығу қорытындысы

Оқу-жаттығу барысында өрт қызметі вокзал персоналымен өрт шыққан жағдайдағы өзара іс-қимылды пысықтады.


Жаңалықтар
0