Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қанішер құс пен маймылдың көз жасы: фотографтар ерекше кадр үшін неден тайынбайды?

Жазылу
Wildlife Photographer of the Year байқауында жеңімпаз болған жабайы табиғат суреттері дүйім жұртты таңдай қақтырды

Назарларыңызға Лондонның жаратылыстану музейі өткізетін Wildlife Photographer of the Year байқауының жеңімпаздары түсірген қайталанбас керемет фотоларды ұсынамыз.

Фотографтардың өздері мойындағандай, үздік кадр үшін олар суықтан да, аптап ыстықтан да тайынбайды. Олардың қанжығасына байлаған олжасы – баға жетпес кадрлар.

© Photo : Marsel van Oosten/Wildlife Photographer of the YearФотограф Марсель ван Остен байқаудың жеңімпазы атанған. Ол «алтын» маймылдарды суретке түсіріп алыпты. Фото авторы ұзақ уақыт бойы мешіндерді бақылап, осы бір керемет кадрға қол жеткізген. Күннің сәулесі жануарлардың алтын түстес жүнін жарқыратып, көкпеңбек ауыздарын ерекше айшықтайды.
Маймылдар - Sputnik Қазақстан
1/13
Фотограф Марсель ван Остен байқаудың жеңімпазы атанған. Ол «алтын» маймылдарды суретке түсіріп алыпты. Фото авторы ұзақ уақыт бойы мешіндерді бақылап, осы бір керемет кадрға қол жеткізген. Күннің сәулесі жануарлардың алтын түстес жүнін жарқыратып, көкпеңбек ауыздарын ерекше айшықтайды.
© Photo : Georgina Steytler/Wildlife Photographer of the YearФотограф Джорджина Стейтлердің "Еңбекқор соналар" атты суреті "Омыртқасыздардың мінез-құлқы" номинациясында жеңіске жеткен. Автор мойындағандай, негізінде Батыс Австралияда бұлақ басында құстарды түсірмек болған екен. Сол кезде назары соналарға түсіп кетеді. Жәндіктер тыным таппай, ұя салып жатады, тіпті адамға де еш мән бермейді. Джорджина сол сәтті пайдаланып, еңбекқор соналарды фотоға түсіріп алыпты.
Соналар - Sputnik Қазақстан
2/13
Фотограф Джорджина Стейтлердің "Еңбекқор соналар" атты суреті "Омыртқасыздардың мінез-құлқы" номинациясында жеңіске жеткен. Автор мойындағандай, негізінде Батыс Австралияда бұлақ басында құстарды түсірмек болған екен. Сол кезде назары соналарға түсіп кетеді. Жәндіктер тыным таппай, ұя салып жатады, тіпті адамға де еш мән бермейді. Джорджина сол сәтті пайдаланып, еңбекқор соналарды фотоға түсіріп алыпты.
© Photo : Skye Meaker/Wildlife Photographer of the Year"Жас фотограф" номинациясы бойынша гран-при он алты жастағы Оңтүстік Африка тұрғыны Скай Микерге бұйырды. Леопард фотографтың жанында ұйықтап жатқан. Жыртқыш кенет көзін ашқанда, автор суретке түсіріп үлгеріпті. Бұл Ботсвандағы Машату қорығында болған еді. Мұнда туристер жабайы аңдарды жақыннан көру үшін сафариге келеді.
Леопард - Sputnik Қазақстан
3/13
"Жас фотограф" номинациясы бойынша гран-при он алты жастағы Оңтүстік Африка тұрғыны Скай Микерге бұйырды. Леопард фотографтың жанында ұйықтап жатқан. Жыртқыш кенет көзін ашқанда, автор суретке түсіріп үлгеріпті. Бұл Ботсвандағы Машату қорығында болған еді. Мұнда туристер жабайы аңдарды жақыннан көру үшін сафариге келеді.
© Photo : Cristobal Serrano/Wildlife Photographer of the Year"Аңдар өз мекенінде" номинациясы бойынша жеңіске жеткен Кристобаль Серрано осы кадр үшін дронды ұшыруға ыңғайлы сәтті ауа райы түзелгенше бірнеше сағат бойы күткен екен. Ол еріп бара жатқан мұз үстінде жатқан итбалықтарды суретке түсіріп алыпты.
Итбалықтар - Sputnik Қазақстан
4/13
"Аңдар өз мекенінде" номинациясы бойынша жеңіске жеткен Кристобаль Серрано осы кадр үшін дронды ұшыруға ыңғайлы сәтті ауа райы түзелгенше бірнеше сағат бойы күткен екен. Ол еріп бара жатқан мұз үстінде жатқан итбалықтарды суретке түсіріп алыпты.
© Photo : Joan de la Malla/Wildlife Photographer of the Year"Жабайы табиғат фотожурналистикасы" номинациясында фотограф Джоан де ла Малла "Көңілсіз сайқымазақ" суретімен жеңіске жетті. Фотода сайқымазақ рөліндегі кішкентай макака иесі кигізіп қойған бетпердені шеше алмай тұр. Индонезияда үйретілген маймылдар шоуы кең танымал. Адамдар жануарларды эксплуатациялап, артқы аяқтарымен жүріп, неше түрлі трюк жасауға мәжбүрлейді, соның бәрі жолшыбай өткендер бір-екі тиын тастауы үшін ғана.
Маймыл - Sputnik Қазақстан
5/13
"Жабайы табиғат фотожурналистикасы" номинациясында фотограф Джоан де ла Малла "Көңілсіз сайқымазақ" суретімен жеңіске жетті. Фотода сайқымазақ рөліндегі кішкентай макака иесі кигізіп қойған бетпердені шеше алмай тұр. Индонезияда үйретілген маймылдар шоуы кең танымал. Адамдар жануарларды эксплуатациялап, артқы аяқтарымен жүріп, неше түрлі трюк жасауға мәжбүрлейді, соның бәрі жолшыбай өткендер бір-екі тиын тастауы үшін ғана.
© Photo : Orlando Fernandez Miranda/Wildlife Photographer of the YearФотограф Орландо Фернандес Миранда "Қоршаған орта" номинацияныда жеңді. Намиб шөлінде табиғи күштердің өзара арпалысын суретке түсіріп алыпты – ұйытқыған жел, жыжыған күн және қалың тұман бір кадрда.
Шөл - Sputnik Қазақстан
6/13
Фотограф Орландо Фернандес Миранда "Қоршаған орта" номинацияныда жеңді. Намиб шөлінде табиғи күштердің өзара арпалысын суретке түсіріп алыпты – ұйытқыған жел, жыжыған күн және қалың тұман бір кадрда.
© Photo : Arshdeep Singh/Wildlife Photographer of the YearҮндістанда түратын он жасар фотограф Аршдеп Сингх "Жас фотограф" (10 жасқа дейін) номинациясында жеңіске жетті. Балақай ескі құбырдың ішіне ұшып кірген құсты байқап қалыпты. Кейін терезеге шығып қараса, құбыр ішінде екі жапалақ отыр екен.
Жапалақ - Sputnik Қазақстан
7/13
Үндістанда түратын он жасар фотограф Аршдеп Сингх "Жас фотограф" (10 жасқа дейін) номинациясында жеңіске жетті. Балақай ескі құбырдың ішіне ұшып кірген құсты байқап қалыпты. Кейін терезеге шығып қараса, құбыр ішінде екі жапалақ отыр екен.
© Photo : Thomas P Peschak/Wildlife Photographer of the Year"Қанға құмар" суреті "Құстардың мінез-құлқы" номинациясында жеңімпаз атанды. Томас Пешак құстың қанын ішіп жатқан шұбар шымшықты фотоға түсірген. Галапагос аралдарында шөл кезеңінде құстар қаныішер болып кетеді.
Шұбар шымшық - Sputnik Қазақстан
8/13
"Қанға құмар" суреті "Құстардың мінез-құлқы" номинациясында жеңімпаз атанды. Томас Пешак құстың қанын ішіп жатқан шұбар шымшықты фотоға түсірген. Галапагос аралдарында шөл кезеңінде құстар қаныішер болып кетеді.
© Photo : David Herasimtschuk/Wildlife Photographer of the Year"Бауырымен жорғалаушылар мінез-құлқы" номнациясының жеңімпазы. АҚШ фотографы Дэвид Герасимчук Тенессидегі өзен түбінде алып саламандраның жыланға шабуыл жасағанын түсірген. Әдетте олар шаян және жәндіктермен қоректенеді, сол себепті бұл өте сирек кадр.
Жабайы табиғат - Sputnik Қазақстан
9/13
"Бауырымен жорғалаушылар мінез-құлқы" номнациясының жеңімпазы. АҚШ фотографы Дэвид Герасимчук Тенессидегі өзен түбінде алып саламандраның жыланға шабуыл жасағанын түсірген. Әдетте олар шаян және жәндіктермен қоректенеді, сол себепті бұл өте сирек кадр.
© Photo : Michael Patrick O’Neill/Wildlife Photographer of the YearМайкл Патрик О'Нил түн ортасында осыбір ұшқыш балықтың неон түске енгенін суретке түсіріпті. Балық планктондарды аулау үшін бұл кезде өте ақырын қозғалады. Фотограф жылдамдық пен қозғалысты көрсету үшін, камераның әртүрлі функциясын пайдаланған. Сурет "Су астындағы өмір" номинациясында жеңіске жетті.
Балық - Sputnik Қазақстан
10/13
Майкл Патрик О'Нил түн ортасында осыбір ұшқыш балықтың неон түске енгенін суретке түсіріпті. Балық планктондарды аулау үшін бұл кезде өте ақырын қозғалады. Фотограф жылдамдық пен қозғалысты көрсету үшін, камераның әртүрлі функциясын пайдаланған. Сурет "Су астындағы өмір" номинациясында жеңіске жетті.
© Photo : Jen Guyton/Wildlife Photographer of the YearНамиб шөліндегі ерекше өсімдік вельвичия деп аталады. Жасы мыңдаған жылдарға жетуі мүмкін. Мемлекет қорғауына алынған. Джен Гайтон күн мен бұлттардың әдемі сәтін таңдап, өсімдікті суретке түсіріпті. "Өсімідктер мен саңырауқұлақтар" номинациясының жеңімпазы.
Намиб шөлі - Sputnik Қазақстан
11/13
Намиб шөліндегі ерекше өсімдік вельвичия деп аталады. Жасы мыңдаған жылдарға жетуі мүмкін. Мемлекет қорғауына алынған. Джен Гайтон күн мен бұлттардың әдемі сәтін таңдап, өсімдікті суретке түсіріпті. "Өсімідктер мен саңырауқұлақтар" номинациясының жеңімпазы.
© Photo : Carlos Perez Naval/Wildlife Photographer of the Year"Қиялдағы үйрек" суретін Карлос Перес Наваль Норвегияда таң атар шақта түсірген. Наурыз айында болса керек, фотограф үздік сәтті күтіп, жерде ұзақ жатып, әбден тоңыпты. Бірақ мұнысы зая кетпеді, құстың судан ұшып шыққан сәтін қалт жібермеген.
Үйрек - Sputnik Қазақстан
12/13
"Қиялдағы үйрек" суретін Карлос Перес Наваль Норвегияда таң атар шақта түсірген. Наурыз айында болса керек, фотограф үздік сәтті күтіп, жерде ұзақ жатып, әбден тоңыпты. Бірақ мұнысы зая кетпеді, құстың судан ұшып шыққан сәтін қалт жібермеген.
© Photo : Alejandro Prieto/Wildlife Photographer of the Year"Жабайы табиғат фотожурналисі: тарих" номинациясында мексикалық Алехандро Приетоның кадры үздік атанды. Мексика тауларында түсірілген суретте ягуар тырнағын ағашқа егеп отыр. Алехандро ағаштан жыртық тырнағының іздерін байқап, алты метр биіктікке камераны орнатқан. Батереясын ауыстыру үшін ай сайын барып отырыпты. Жыртқыш сол ағашқа алты айдан соң оралды. Әдемі суреттің тарихы осы.
Ягуар - Sputnik Қазақстан
13/13
"Жабайы табиғат фотожурналисі: тарих" номинациясында мексикалық Алехандро Приетоның кадры үздік атанды. Мексика тауларында түсірілген суретте ягуар тырнағын ағашқа егеп отыр. Алехандро ағаштан жыртық тырнағының іздерін байқап, алты метр биіктікке камераны орнатқан. Батереясын ауыстыру үшін ай сайын барып отырыпты. Жыртқыш сол ағашқа алты айдан соң оралды. Әдемі суреттің тарихы осы.
Жаңалықтар
0