Оқиға

Петропавлда мас жүргізуші қатты жылдамдықпен соққан жігіттің аяғы жұлынып кетті

© Sputnik / Владислав Водневжедел жәрдем көлігі
жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаяу жүргіншіні қағып кетіп, апат орнына қашып кеткен 30 жастағы тұрғын ұсталды

ПЕТРОПАВЛ, 28 қазан — Sputnik. Петропавлда жаяу жүргіншілер жолында қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жігітті қағып кетті, соққыдан оның аяғы жұлынып қалды. Зардап шеккен жігіт қазір ауруханада ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды  тілшісі. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жол апаты сенбі сағат 19.30 кезінде Қизатов көшесінде үшінші ауруханаға қарама-қарсы жерде болған.

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Әл-Фарабидегі жол апаты салдарынан қыздың аяғы жұлынып кетті
"Жігіт жаяу жүргіншілер жолымен баламен бірге өтіп бара жатады. Бала алға жүгіріп кетіп үлгерді, ал жігіт үлкен жылдамдықпен келе жатқан көліктің астына түсті. Жүргізуші апат орнынан қашып кетті. Қатты соққыдан жігіттің аяғы жұлынып кетті. Жедел жәрдем тез келді, бірақ жігіт көп қан жоғалтты", — деді куәгерлер. 

СҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады, полиция жүргізушіні ұстаған. 

"Mitsubishi Montero Sport көлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі Қизатов көшесінде жаяу жүргіншіні соғып, қашып кеткен жол көлік апаты фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша енгізілді. Полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстады, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады ішкі істер департаментіндегілер. 

Жігітті соғып кеткен жүргізушінің рөлге мас күйінде отырғаны белгілі болды. 

Қазіргі уақытта қала тұрғындары зардап шеккен тұрғынға қан тапсыруда. Ол ауруханада ауыр хәлде жатыр, оған сирек кездесетін қан тобы — резус-факторы теріс үшінші топтағы қан қажет. 

Жаңалықтар
0