Оқиға

Әл-Фарабидегі жол апаты салдарынан қыздың аяғы жұлынып кетті

© Sputnikжол апаты
жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Алматыда жолдағы ашық құдық қорқынышты жол апатына себеп болды. Екі қыз көліктер арасында қысылып қалып, біреуінің екі аяғы жұлынып кеткен

АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Үш автокөліктің қатысуымен болған жол апаты салдарынан екі қыз қатты зардап шекті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарындағы дереккөзі. 

Жол апаты әл-Фараби даңғылы бойында Навои және Мұстафин көшелері арасында орын алған. Оқиға куәгердерінің сөзіне қарағанда, Honda CR-V шеткі сол қатарда келе жатып, беті ашық құдыққа соғылып, көліктің дөңгелегі жарылады. Көліктен екі қыз шығады, көмек күтпек болған секілді. Бұл кезде батыс бағытта Toyota Camry қозғалып келе жатқан. Жүргізуші Honda көлігінің апаттық шамын жағып тұрғанын көріп, бірден ортадағы қатарға жылжи бастаған. Бұл кезде ортадағы қатарда келе жатқан автобус жүргізушісі бірден әрекет ете алмай, қатты жылдамдықпен Camry көлігіне соқтығысады. Соққыдан Toyota көлігін Honda-ға қарай ұшырып жібереді. Сол кезде қыздар көліктің арасында қысылып қалады. 

"Жедел жәрдем" дәрігерлерінің  сөзіне қарағанда, қыздардың бірінің екі бірдей аяғы кесіліп кеткен. 

Зардап шеккендер ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. 

© SputnikАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
1/3
Алматыдағы жол апаты
© SputnikАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
2/3
Алматыдағы жол апаты
© SputnikАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
3/3
Алматыдағы жол апаты
1/3
Алматыдағы жол апаты
2/3
Алматыдағы жол апаты
3/3
Алматыдағы жол апаты
Жаңалықтар
0