Қоғам

Депутаттар тағы бір министрлік құруды ұсынды: ол немен айналысады?

© Sputnik / Болат ШайхиновСенат отырысы, архивтегі фото
Сенат отырысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенаторлар балық шаруашылығына жауапты мемлекеттік орган құру мәселесін қарастыруды сұрады

АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Сенаторлар үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында балық шаруашылығына жауапты дербес мемлекеттік орган құруды ұсынды, деп хабарлайды тілшісі. 

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов ел экономикасы мен адамдардың тұрмыс сапасын арттырып, бизнестің тұрақты көзі болатын саланың бірі балық шаруашылығы екенін атап өтті.

Диплом - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Шөп шықпаса да бәрібір". Назарбаев сапасыз мамандардың көбейіп кеткеніне ашуланды

"Кеңес Одағы тұсында республикада арнайы балық шаруашылығы министрлігі құрылып, жүйелі мемлекеттік саясат қалыптасқан болатын. Осының нәтижесінде барлық облыста балық зауыттары мен комбинаттары, өндірістік бірлестіктері жұмыс істеді. Балық аулау мен балық өнімдері өндірісінің жалпы көлемі кей жылдары 111 мың тоннадан асты. Бірақ, қазіргі уақытта балық шаруашылығының мүмкіндігі толық пайдаланылмауда", — деді депутат сенат отырысында.

Ол 90-шы жылдардан бастап экономиканың жетекші саласы болған балық шаруашылығына жете көңіл бөлінбеуінен ол құлдырауға ұшырағанын, әлі де осы жағдайдан шыға алмай жатқанын айтты. 

"Балық аулау көлемі күрт төмендеген. Бұның негізгі себебі балық дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты белгілейтін бағдарламаның болмауы деп есептейміз", — деді сенатор.

Еңсегенов балық шаруашылығын мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруда тұрақтылық жоқ екенін мәлімдеді. 

"Осы салаға жауапты мемлекеттік орган ретінде 2003 жылы құрылған балық шаруашылығы комитеті бірнеше рет бір министрліктен екінші министрлікке ауыстырылды. Қайта-қайта құрылымдық өзгерістерге ұшырады, соңында мүлдем таратылып жіберілді", — деп толықтырды ол.

Сәрсенбай Еңсегеновтың айтуынша, осының салдарынан тәжірибелі, білімді мамандар корпусы жоғалды. Балық саласы қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құрамына бір басқарма есебінде кірістірілген. "Онда бес-алты маман ғана жұмыс істейді. Осы салаға керек мамандарды дайындайтын мамандандырылған арнаулы оқу орындары жабылып қалды. Осының себебінен өзіндік ерекшелігі көп балық саласына қажет мамандар жетіспейді", — деп қапаланды депутат. 

Сенаторлардың ұсыныстары қандай?

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Депутаттар теңге бағамын белгілеуді ұсынды

Балық шаруашылығын дамыту, балықтың түрлерін сақтап көбейту және балық қорын ұтымды пайдалануды тиімді іске асыру үшін арнайы салалық бағдарлама қабылдау;

Балық шаруашылығына жауапты дербес орталық мемлекеттік орган құруын қарастыру;.

Балық шаруашылығына қатысты нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; 

Трансшекаралық өзендердегі Балық ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін ақы мөлшері мен төлеу тәртібін тең бәсекелестікті қалыптастыру тұрғысынан қарастыру;

Балық өңдеуші кәсіпорындарға, балық өсірумен айналысатын шаруашылықтарға мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру;

Өңделмеген балықтың экспортқа шығарылуын қысқарту шараларын алу;

Жайық-Каспий бассейнінен Қиғаш өзенін "Қиғаш-Каспий" бассейні қылып өз алдына бөлу;.

"Күтім" балығын өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесінен шығару;

Шағын көлемді кеме қозғалтқыштарының қуаттылығының мөлшерін белгілеу;.

Көкарал су топсасының бұзылуының алдын алу және балық қорын сақтау мақсатында кешенді іс-шараларды қабылдау.


Жаңалықтар
0