Қоғам

"Шөп шықпаса да бәрібір". Назарбаев сапасыз мамандардың көбейіп кеткеніне ашуланды

© Sputnik / Болат ШайхиновДиплом
Диплом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Қазақстанда 130 жоғарғы оқу орны артық екенін айтып өтті. Сондай-ақ, ол ешуақытта азаматтардың ЖОО-да оқуларына қарсы болмайтынын жеткізді

АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Ешкімге қажеті жоқ адамдарды оқытып, оларға диплом таратудың не керегі бар?! Жоғарғы оқу орындарында жемқорлық кеңінен етек жайып отыр. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдау жасау кезінде айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Назарбаевтың халыққа жолдауы — онлайн-репортаж

Елбасы Қазақстандағы сапасыз ЖОО-ларды азайтып, керісінше шетелдік оқу орындарымен серіктестікті нығайтуды ұсынды.  

Банкнота - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев: Келесі жылдан бастап қазақстандықтардың жалақысы өседі
"Жоғарғы оқу орындарын ірілендіруге қатысты шаралар жүргізу қажет. Бізде 130 артық университет бар. Олардың саны бастапқыда 200-ге жеткен, шетінен бәрі аша берген. Мен ЖОО-ларға қарсы емеспін. Қалаған адамдардың барлығы білім алсын. Бірақ, ешкімге қажеті жоқ адамдарды оқытып, диплом таратудың не керегі бар?! Ол жақта жемқорлық етек жайып келеді. Құжаттар оңды-солды беріледі. Әрі қарай жерге шөп шықпаса да бәрібір ", — деп ашуланды Елбасы. 

Әрі қарай президент Қазақстанда халықаралық деңгейдегі тағы да бір университет құруды ұсынды. Сондай-ақ, ол бар мәселені қаржы жетіспеушілігіне бұра бермеуді сұрады. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы — видео

"Нарықта жоғары білім сапасын қамти алатын ЖОО-лар ғана қалуы тиіс. Әлемнің ірі университтерімен серіктестікті арттыру қажет. Назарбаев университетінен үлгі алу қажет. Әрине, ол жақта ақша көп деп сын айтулары мүмкін. Бізде осы секілді университтер бар. Мысалы, ҚазҰУ жақсы нәтиже беріп, жұртты қызықтырып отыр. Инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып, Назарбаев университетіне ұқсайтын тағы да бір ЖОО құруды ұсынамын ", — деді ол.


Жаңалықтар
0