Қоғам

Қасымов: Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды

© Sputnik / Жания УранкаеваДенис Тенмен қоштасу, Астана
Денис Тенмен қоштасу, Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы осы жылдың 19 шілдесінде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза болған еді

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі. 

Министрдің айтуынша, қазір іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр. 

"Біз істі аяқтадық. Бірақ қазір іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр. Бұл процесс аяқталған соң, іс бірден сотқа жолданады", — деді Қасымов БАҚ өкілдеріне парламент кулуарында. 

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза болды. Оқиға түскі үштер шамасында болған. Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түседі. Арада жанжал басталып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алады.

Қылмыскерлерге үкім жариялануда, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сот Денис Теннің өліміне күдіктілерге қатысты шешім қабылдады
Үш литр қан жоғалтқан спортшы кешкі бес жарымда ауруханада көз жұмды. 

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Спортшының өліміне қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталды. Олар Жамбыл облысының тумасы 24 жастағы Нұралы Қиясов, Қызылорда облысының 1994 жылғы тумасы Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Әйел қылмыс жасалғанын хабарламағаны үшін ұсталды.

Жақында Жанар Толыбаева, Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 15 күнге дейін ұзартылды.

Жаңалықтар
0