Қоғам

Сот Денис Теннің өліміне күдіктілерге қатысты шешім қабылдады

© Sputnik / Александр Мазуркевич / Медиабанкке өтуҚылмыскерлерге үкім жариялануда, архивтегі фото
Қылмыскерлерге үкім жариялануда, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жанар Толыбаева, Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 15 күнге дейін ұзартылды

АЛМАТЫ, 22 қазан — Sputnik. Сот Денис Теннің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын  ұзартты. Бұл туралы Sputnik-ке Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне хабарлады.

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Спорт
Денис Теннің жақындары қазақстандықтарға өтініш айтты

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарлау), 24-бабының 3-бөлімі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (ұрлық) бойынша қылмыс жасағаны үшін күдікті Жанар Толыбаеваға қатысты бұлтартпау шарасын 15 күнге — 7 қарашаға дейін ұзартты. 

Ұрлық, қарақшылық жасады және кісі өлтірді деп айыпталып жатқан Арман Құдайбергеновке қатысты бұлтартпау шарасы 4 қарашаға дейін ұзартылды.

Сондай-ақ, Денис Тенді өлтірді деген күдікке ілінгендердің бірі – Нұралы Киясовқа қатысты да бұлтартпау шарасы ұзартылды, ол 3 қарашаға дейін қамауда болады. 

Осы жылдың 19 шілдесінде Алматыда Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тенге шабуыл жасалды. Оны автокөлік ұрылары аяғынан пышақтап кетті. Бірнеше сағаттан соң 25 жастағы чемпион көп қан жоғалту салдарынан ауруханада қайтыс болды. 


Жаңалықтар
0