Қоғам

Қазақстанда сотталған дөкейлер жазасын қайда өтеп жатыр?

© Photo : КНБ КазахстанаТоқтар Төлешов
Тоқтар Төлешов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Конститутцияның 18-бабына сәйкес ішкі істер министрлігінің комитеті дөкейлер темір тордың ар жағында немен айналысып жүргені туралы ақпарат берген жоқ

АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті Sputnik Қазақстан агенттігіне қоғам назарына іліккен атышулы істер бойынша сотталған қазақстандықтардың жазасын қайда өтеп жатқаны туралы мәлімет берді.

Мұратхан Тоқмәди - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тәтішевтер отбасының адвокаты Тоқмәди ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәди мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев Алматы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аралас қауіпсіздік мекемесінде. Тергеу шаралары аясында қамауға алынған, деп жазылған Sputnik Қазақстанның ресми сауалына берілген жауапта.

Сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр, ал Шымкенттің сыра зауытының иесі Тоқтар Төлешов – Шымкент қаласындағы колонияда.

Дөкейлер темір тордың ар жағында немен айналысып жүр, қашуға немесе өз-өзіне қол жұмсауға талпыныс жасады ма, жоқ па деген сұрақтарға ішкі істер министрлігі Конституцияның 18-бабына ("Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар") сүйеніп, жауап берген жоқ.

Мұратхан Тоқмәди деген кім?

Мұратхан Тоқмәди "ҚазШыныҚұрылыс" бас директорының кеңесшісі болып жұмыс істеген, сондықтан "шыны королі" деген атқа ие болды. Былтыр маусым айында арнайы қызмет өкілдері оны Алматыдағы арнайы операция кезінде ұстаған.

Мұратхан Тоқмәди - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда белгілі бизнесмен Тоқмәди сотталды

Бастапқыда бопсалау дерегі бойынша үш жылға сотталды, кейінірек 2004 жылы "БТА Банкі" басқармасының бұрынғы төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін он жарым жыл жаза мерзіміне кесілді. Кісі өлтіргенін Тоқмәдидің өзі мойындап, қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің тапсырмасымен қасақана қылмыс жасағанын айтты.

Биыл наурыз айында Тоқмәди Тараздағы Жамбыл облысы ауруханасынан қашып кетіп, сол күні кешке қолға түсті.

Нартай Дүтбаев не үшін сотталды?

Былтыр тамыз айында ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев мемлекеттік құпияны таратып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп танылды. Судья Дутбаевты жеті жарым жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдаған.

Нартай Дүтбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰҚК бұрынғы басшысы Дүтбаевқа екінші үкім шықты

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысына қатысты екінші үкім биыл ақпан айында шықты. Сотта қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыбы дәлелденіп, оның ішінде қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырғаны белгілі болды.

Жазасы ішінара біріктірілген соң, Дүтбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қуандық Бишімбаевтың ісі

Бұрынғы ұлттық экономика министрінің соты 2017 жылы қараша айында басталды. Сот отырыстары кезінде Қуандық Бишімбаев құрылыс компанияларының басшыларынан пара алу схемасын құрмағанын, қылмыстық іс фигуранттарының ешқайсысынан пара алмағанын айтып, талай рет ақталды.

Биыл наурыз айында Бишімбаев он жылға сотталды.

Тоқтар Төлешов қандай қылмыс жасаған?

Екі жыл бұрын Шымкент сыра зауытының иесі Тоқтар Төлешов 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Төлешов ісіне қатысушылардың мерзімдері қысқартылды

Іс жабық режимде қаралған, себебі материалдарда мемлекеттік құпияға қатысы бар деректер болды. "Сыра королі" кісі азаптау, өлтіру, ұрлау, адамды заңсыз бас бостандығынан айыру, экстремистік топ құру және басқару және тағы басқа баптар бойынша айыпты деп танылған.

Жаңалықтар
0