Оқиға

Төлешов ісіне қатысушылардың мерзімдері қысқартылды

© Sputnik / Болат ШайхиновСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Төлешовтің ісі" бойынша 24 адам өтті, олар 7 қарашада әртүрі мерзімдерге сотталған

АСТАНА, 23 дек — Sputnik. "Сыра королі" Тохтар Төлешовтің қылмыстық ісі  бойынша өткен үш фигурант "Қазақстан Республикасының жиырма бес жылдығына орай рақымшылық жасау туралы" заңына ілінді, деп хабарлады Қазақстан әскери сотының баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, Әскери соттың апелляциялық инстанциясы Тоқтар Төлешов пен тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қарады.  "Іс апелляциялық инстанцияға И.Ж. Бақтыбаев, С.В.Колтаков, Б.С.Жұмин мен К.К.Пернебаева, сотталушылардың қорғаушылары —  Төлешевтің мүддесін қорғайтын М.А.Жақыпова, Бақтыбаевтың мүддесін қорғайтын С.С.Хамидулина, Досқалиевтің мүддесін қорғайтын И. В. Спиридонова, сотталушы Пернебаевтың мүддесін қорғайтын А.А.Аблабекованың шағымдары келіп түсті. 

Сабырлы және ақырын: Астанада сыра королі Төлешовке үкім шықты - Sputnik Қазақстан
Видео
Сабырлы және ақырын: Астанада "сыра королі" Төлешовке үкім шықты

"Апелляциялық сот алқасының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен  Б.С.Жумин, К.К.Пернебаев пен К.А.Ысқақовқа қатысты қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімі рақымшылық актіне байланысты өзгертілді", — делінген соттың хабарламасында.

Сотталушы Б.С.Жумин мен К.К.Пернебаевтың өтелмеген мерзімі ҚР 2016 жылдың 13 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының жиырма бес жылдығына орай рақымшылық жасау туралы" заңының 4-бабының 2-тармағы негізінде төрттен біріне қысқартылды. Сотталушы К.А.Ысқақов "Қазақстан Республикасының жиырма бес жылдығына орай рақымшылық жасау туралы" заңының 2-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы негізінде жазасын өтеуден босатылды. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалды. 2016 жылғы 7 қарашада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен 24 сотталушы кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімдерге сотталды. 


Жаңалықтар
0