Төлешов кінәлі деп танылған қылмыстар арасында — қылмыстық топты қаржыландыру, билікті күштеп басып алу, есірткі заттарының заңсыз айналымы, қарулардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың және жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымы бар.
Төлешов 21 жыл жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Жазасын қатаң режимді түзету колониясында өтейтін болады.
Сот алдына кәсіпкердің ұлы Төлеген Төлешов те шықты. Ол сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау, сонымен қатар өткізу мақсатынсыз есірткі заттарының заңсыз айналымы баптары бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға шартты мерзімге сотталды.
Сот отырысы Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта өтті. Деректерде мемлекеттік құпияға қатысты мәліметтер бар болғандықтан, іс жабық режимде қаралды. Үкімді жариялау ақырын және сабырлы өтті. Залда отырғандардың көпшілігі адвокаттар мен журналистер болғандықтан болар.