Өңірлер

Ақсуда студент сәбиін туа сала өлтірді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақсу қаласындағы қоқыс жәшіктерінің жанынан жаяу жүргіншілер жаңа туған баланың денесін тауып алды. Оның анасы ауруханаға жатқызылды

ПАВЛОДАР, 22 қазан – Sputnik. Павлодар облысының Ақсу қаласында жаңа туған баланы анасы далаға тастап кетті, деп хабарлады Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

сәби - Sputnik Қазақстан
Әлем
Анасы 9 айлық сәбиін тұншықтырып өлтіріп, қоқысқа лақтырып жіберген

Ведомствоның мәліметінше, 21 қазанда жаяу жүргіншілер қимылсыз жатқан нәрестенің денесін тауып алған. Тәртіп сақшылары жаңа туған нәрестенің анасы кім екенін лезде анықтады.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева агенттікке хабарлағандай, баланың анасы Ақсу қаласындағы колледждердің бірінің студенті болып шықты.

 "Баланы үйде босанған. Өзі Ефремовка кентінен келген екен, сабақ кезінде Ақсудағы ағасының үйінде тұрған. Туыстарынан жүктілігін жасырған. Гинекологта есепте болмаған. Бала өмірге аман-сау келген, салмағы 3 кг 450 грамм және бойы 51 см болған. Қазір жас босанған қыз Ақсу қаласының орталық ауруханасына жатқызылды, онда оған гинеколог пен психолог көмек көрсетуде", — деді ол.

Студент балаға неліктен қатыгездік танытқаны тергеу барысында анықталады.   


Жаңалықтар
0