Өңірлер

Павлодарда бүлдіршін 6-қабаттан құлап кетті: жаяу жүргінші құтқарып қалды

CC0 / / Қыз терезеден қарап тұр
Қыз терезеден қарап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқыда ер адам қызды қағып алмақ болады. Алайда үлгермей, кейін тынысы тарылып жатқан баланы жасанды жолмен демалдырады

ПАВЛОДАР, 21 қазан — Sputnik. Алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен бес жасар қыз Павлодардағы ауруханалардың біріне жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қыз, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтауда бойжеткен 9-қабаттан құлап өлді

Полиция ведомствосының хабарлауынша, 20 қазан күні сағат 18:09 кезінде Катаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан 2013 жылы дүниеге келген қыз құлап кетеді. Бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жерге құлап түскен қыз балаға 41 жастағы Александр Жұмабаев дер кезінде қол ұшын созып, құтқарып қалған болуы мүмкін.

"Мен кешке қарай жұмыстан келе жатқан әйелімді күтіп алмақ болып далаға шықтым. Катаев көшесінің бойымен келе жатқанымда жаныма терезенің темір торы құлап түсті. Басымды жоғары көтергенімде баланың құлап келе жатқанын көрдім.

Мен оны қағып алмақ болдым, бірақ үлгермей қалдым. Жерге құлаған кезде қыз бала екенін көрдім.Ол шөптің арасына кейін жерге құлап түсті. Жанына жүгіріп барғанымда қыздың қозғалып, бірақ тынысы тарылып жатқанын көрдім.

Шалқасынан жатқызғанымда ернінің қанап жатқанын байқадым. Мұрнын саусағыммен басып, жасанды жолмен демалдыра бастадым. Ол тез есін жиып, айғайлады. Телефон арқылы бірден жедел жәрдем қызметін шақырдым", — деді ол.

Сондай-ақ, куәгерлер қыз балаға қарияның да көмектескенін айтты. Ол үстіндегі күртесін шешіп, оны балаға кигізген.

Бала терезенің жанында, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада үш жасар бала 16-қабаттан құлап кетті

"Анасы жүгіріп шығып жылап, айқайлай бастады. Тіпті, қызын жерден көтеріп алмақ болды. Алайда бұған жол бермедік. Себебі, қыздың омыртқасы сынған болуы мүмкін еді. Көп ұзамай полицейлер мен жедел жәрдем келді. Мен ауруханаға онымен бірге бармақшы болдым. Алайда полицейлер маған тыйым салды. Түнімен ұйықтамадым. Тірі болса екен деп алаңдадым", — деді Жұмабаев.

41 жастағы азамат өзінің жүргізуші екенін айтты. Алайда көптен бері жұмыс таба алмай жүр екен.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның хабарлауынша, 2013 жылы туған қыздың ернінің жоғарғы бөлігі зақымданып, жабық бас-сүйек жарақатын алған. Қазіргі жағдайы тұрақты.

Жаңалықтар
0