Оқиға

Ақтауда бойжеткен 9-қабаттан құлап өлді

CC0 / / Қыз, иллюстративті фото
Қыз, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде бойжеткен әлі тірі болған, оны облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген

АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Ақтауда бойжеткен тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ИнАктау.

Көпқабатты үй. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Семейлік әйел қолындағы баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті

Трагедия кеше Ақтаудағы 4-шағын ауданда №37 үйде болған. "Жедел жәрдем" дәрігерлерінің алдын ала ақпараты бойынша, бойжеткен тоғызыншы қабаттан секіріп суицид жасаған. 

Жедел жәрдем станциясына хабар сағат 12:27-де келіп түсті. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде, қыз әлі тірі болған. Оны бірден Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізген. 

"Шамамен бір сағат және он минут өткеннен кейін ол алған жарақатынан көз жұмды", — деді ауруханадағылар.


Жаңалықтар
0