Спорт

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі Қазақстанда сағат нешеде көрсетілетіні белгілі болды

© AP Photo Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық спортшы Мэтт Доэрти болмақ

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. 21 қазан, жексенбі күні, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби карьерасындағы төртінші жекпе-жегін өткізеді.

Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов рингке әлем чемпионымен шығады
Ол Бостондағы TD аренада жұдырықтасады. Алты раундқа созылатын жекпе-жекте оның қарсыласы америкалық боксшы Мэтт Доэрти болатыны белгілі болды. Тікелей эфир Астана уақыты бойынша сағат 06:00-де "Хабар" арнасынан көрсетілмек, деп хабарлайды .

Бұл бокс кешінің хедлайнерлері Тевин Фармер мен Джеймс Теннисон болмақ. Олар IBF нұсқасы бойынша екінші жартылай ауыр салмақта чемпион атағы үшін таласатын болады. Ал WBO нұсқасы бойынша чемпиондық атаққа Деметриус Андраде мен Уолтер Каутондоква жұдырықтасады. Бұл белбеу осы уақытқа дейін Билли Джо Сондерске тиесілі болды. Алайда ол допинг-тестілеуден сәтті өте алмағандықтан бұл белбеуден айырылып қалды.

Естеріңізге сала кетсек, Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін 4 тамыз күні өткізіп, қарсыласы Габор Горбичті ұпай саны бойынша жеңді.

 

 

Жаңалықтар
0