Спорт

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов рингке әлем чемпионымен шығады

© AP Photo Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елеусіновтің 24 қараша күні Монакода кіммен жұдырықтасатыны әзірге белгісіз

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Қазақстандық Данияр Елеусінов өзінің кәсіби рингтегі бесінші жекпе-жегін 24 қараша күні Монте-Карло қаласында өткізеді.

Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Данияр Елеусінов "маймылсың" деген боксшының ит терісін басына қаптады
хабарлауынша, бокс кешінде Данияр Елеусінов рингті осы күнге дейін жеңіліп көрмеген, WBA нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Халид Яфаймен бөліседі. Оның қарсыласы Исраэль Гонсалес болмақ.

Кештің хедлайнерлері бірінші ауыр салмақтағы WBA Super және IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Денис Лебедев пен Майк Уилсон болмақ. Фрэнк Бульони мен Фанлон Мен жартылай ауыр салмақтағы IBF Inter-Continental чемпиондық титулы үшін жұдырықтасады. Сондай-ақ, бұл күні Жилей Жан мен Александр Устинов рингте кездеседі.

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің қарсыласының есімі кейінірек белгілі болады. Әзірге боксшыны 20 қазан күні Бостонда өтетін төртінші жекпе-жегі күтіп тұр. Ол америкалық Мэт Доэртимен шаршы алаңда жұдырықтасатын болады.

Жаңалықтар
0