АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев "Азия – Еуропа" (АСЕМ) форумы ХІІ саммитінің ашылу рәсіміне келген соң Франция Республикасының президенті Эмманюэль Макронмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
"Бүгінгі кездесуіміздің арқасында Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстар жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін. Біздің елімізде Францияның ондаған компаниясы жұмыс істеп жатыр, өзара тауар айналымының көлемі 5 миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін", – деді Қазақстан президенті.
Ақорда баспасөз қызметі хабарлағандай, Эмманюэль Макрон Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шарттың 10 жылдығы қарсаңындағы осы кездесудің символдық мәні зор екенін атап өткен.
Назарбаев Бельгия королімен кездесті
"Президент мырза, сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Мен президенттік қызметке келгеннен бері алғаш рет жүздесіп отырмыз. Сізбен бірқатар мәселені талқылап, көзқарасыңызды білгім келеді", – дейді Франция басшысы.
Кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынас мәселелерін талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті проблемалар жөнінде ашық пікір алмасқан.