Саясат

Франция президенті Назарбаевпен кездескісі келетінін айтты

© REUTERS / Francois MoriФранцуз президенті Эммануэль Макрон
Француз президенті Эммануэль Макрон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Эммануэль Макрон Қазақстан президентіне сәлем жолдады

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескісі келетінін мәлімдеді. 

Эммануэль Макрон зайыбы Бриджит Макронмен бірге - Sputnik Қазақстан
Әлем
Эммануэль Макрон Францияның ең жас президенті болды
ҚР СІМ мәліметінше, Елисей сарайында Қазақстан елшісі Жан Ғалиев Француз Республикасының президенті Эммануэль Макронға сенім грамотасын тапсырды.

Әңгімелесу барысында елші Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың француз көшбасшысын Астанаға сапармен келуге шақырғанын растады.   

Президент Э.Макрон әлемдік және өңірлік мәні бар өзекті мәселелерді шешудегі Қазақстан рөлінің артып жатқанын жоғары бағалады. Ол Астанада сирияаралық келіссөздер жүргізудің маңыздылығын жеке атап өтті. 

© Photo : МИД РКҚазақстан елшісі Жан Ғалиев Франция президенті Эммануэль Макронға сенім грамотасын тапсырды
Қазақстан елшісі Жан Ғалиев Франция президенті Эммануэль Макронға сенім грамотасын тапсырды - Sputnik Қазақстан
1/1
Қазақстан елшісі Жан Ғалиев Франция президенті Эммануэль Макронға сенім грамотасын тапсырды
1/1
Қазақстан елшісі Жан Ғалиев Франция президенті Эммануэль Макронға сенім грамотасын тапсырды

Әңгіме соңында Э. Макрон президент Назарбаевқа сәлем жолдап, жақын уақытта Қазақстан басшысымен кездескісі келетінін жеткізді.


Жаңалықтар
0