АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. "Алға" қозғалысының көшбасшысы Эммануэль Макрон Франциядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңде сайлаушылардың 65,82% дауысына ие болып, жеңіске жетті, деп хабарлайды РИА Новости Франция ІІМ-нің соңғы деректеріне сілтеме жасай отырып.
35 миллион бюллетенді (98,26%) есептеу қорытындысы бойынша Макронға өз дауыстарын 20,4 сайлаушы берген.
"Ұлттық майдан" партиясының көшбасшысы Матин Ле Пен 10,6 миллион дауыс немесе сайлаушылар дауысының 34,18%-ына ие болды.
Эммануэль Макрон 1977 жылғы 21 желтоқсанда Францияның Амьене қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген.
Мектептің соңғы сыныбында Макрон Францияның екі үздік лицейлерінің бірі – париждік "Анри IV" түсті.
Париждік X-Нантер университетінде философия магистрі дәрежесін ие болды. Париждегі саяси зерттеулер институтын тәмамдаған. 2002-2004 жылдары Ұлттық әкімшілік мектептің (ENA) студенті болды.
2004-2008 жылдары Макрон қаржы инспекторы болып қызмет атқарған болатын. 2008-2011 жылдары инвестициялық банкир. 2011-2012 жылдары Ротшильд банкінің басқарушы серіктесі болған.
2012-2014 жылдары Елисей сарайы бас хатшысының орынбасары. 26 тамыз 2014 жылдан 30 тамыз 2016 жылға дейін Францияның экономика министрі қызметін атқарған. 2006-2009 жылдары Социалистік партия мүшесі болды.
2016 жылдың 6 сәуірінде "Алға" қозғалысын құрды. 2016 жылғы 16 қарашада Франция президенті қызметіне өз кандидатурасын ұсынатыны туралы мәлімдеді. 2017 жылғы 23 сәуірде өткен президенттік сайлаудың бірінші кезеңінде сайлаушылар даусының 24,01%-ын жина, екінші кезеңге өтті.
Эммануэль Макрон өзінің бұрынғы француз тілінің мұғалімі Бриджит Троньеге үйленген.