Өңірлер

"Байы жоқ қыз мықты бай табады". Шымкенттік кәсіпкер ерекше әдіспен тауар сатып жүр

© Sputnik / Жансая ТәуекелқызыКәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді
Кәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіпкер ақындық қырымен клиенттерге

ШЫМКЕНТ, 18 қазан — Sputnik, Жансая Тәуекелқызы. Шымкентте базарлардың бірінде сауда жасап, нәпақа тауып жүрген азамат тауарын өтімді етуде тың идеяны пайдаланып жүр. тілшісі кәсіпкердің сауда орнына барып, тілдесіп қайтты.

Идея қайдан туды?

Бақытжан Сүлейменовтің саудамен айналысып жүргеніне 15 жылдан асқан. "Қырғы базар" деп аталатын сауда орнының темір-терсек бөлімінде тауар сатып, отбасын бағып отырған тұрғынның өзгелерден ерекшелігі, ол сатып алушыларға көтеріңкі көңіл сыйлай біледі. Осыдан шамамен бес жылдан бұрын ол жұмыста отырып, кенеттен өлең шумақтарын құрастыра бастайды. Сөйлемнен тармақ жолдары шығып, дереу қағазға түртіп алыпты. Содан оларды қағазға жеке-жеке жазып, өзі сатып отырған тауарларға жабыстырып қояды.

© Sputnik / Жансая ТәуекелқызыКәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді
Кәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді - Sputnik Қазақстан
Кәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді

"Негізі менің о бастағы мақсатым тауарымды тезірек сату емес, келушілерге көтеріңкі көңіл сыйлау болды. Өзім бұрындары тамада болып, талай тойды басқарғанмын. Ақындық қасиетім бар. Жұмыста отырғанда түрлі өлең шумақтары туады. Бәрін жазып алып жүрдім. Кейін осылай тауарларыма іліп қойдым.

Осыдан бір жыл бұрын тауарымның шамамен бәріне осындай әзіл жазбалар жабыстырып қойғанмын. Сауда орным кеңейіп, қазір ондай жазуы бар заттарым санаулы ғана. Алдағы уақытта бәлкім тағы мықтап қолға алармын", — деді кәсіпкер.

"Әркім әрқалай қабылдайды"

Оқырманға түсінікті болу үшін тарқатып айтсақ, кәсіпкер Бақытжан ауыл шаруашылығы мен тұрмысқа қажетті жабдықтарды сатумен айналысады. Сауда нүктесінен шегеден бастап желдеткіш, жылытқышқа дейін табылатын кәсіпкер тауарларына өлең шумақтары жазылған қағазды жабыстырып қояды. Солардың ішінде кеңінен танылғаны сыпыртқылар.

© Sputnik / Жансая ТәуекелқызыКәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді
Кәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді - Sputnik Қазақстан
1/2
Кәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді
© Sputnik / Жансая ТәуекелқызыКәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді
Кәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді - Sputnik Қазақстан
2/2
Кәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді
1/2
Кәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді
2/2
Кәсіпкер бұл жазбалары арқылы сатып алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келеді

"Сыпырғанда жаның жай табады, байы жоқтар бай табады" немесе "Байы барлар мықты ұл табады", "Доссыз адам тамыры жоқ бұтақпен тең, сыпыртқысыз әйел балғасы жоқ ұстамен тең".

Сабина Есенгелдиева - Sputnik Қазақстан
"Клиенттер Сабинаны өздері іздеп келеді". 12 жасар шымкенттік қыз қалай ақша таба бастады?
 Бұл жазбаларды кәсіпкер сатып отырған сыпыртқыларға іліп қойған. Көпшілік арасында кеңінен танылғаны да әрі келушілерге еріксіз күлкі сыйлағаны да осы тауар екен. Кейде клиенттер тауарды сол жазбасымен сатып алуға ниеттеніп жатады екен. Арасында "тұрмысқа шығып кетейін" деп ырымдап жататындар да жоқ емес.

"Алғашында өтіп бара жатқандар жазуларды оқып, тұрып қалады. Бірі "Не жазып қойғансың? Тым ерсі" деп ренішін білдіріп кетсе, енді бірі ризашылығын білдіріп жатады. Жаңа айтып өткенімдей, менің мақсатым келушілерге көтеріңкі көңіл сыйлау болып табылады.

Кейде сатып алушы көбейіп, кезек күтіп қалады. Сондайда өлең шумақтарды оқи тұрыңыз деймін. Тіпті риза болып, "Саудаң жүре берсін. Мынауың керемет екен" деп ризашылығын білдіретіндер бар. Клиенттің көңілі орнында болса, сатушы үшін одан басқа не керек?", — деген шымкенттік тұрғын жазбаларының астында астарлы ой бар деп отыр.

© Sputnik / Жансая ТәуекелқызыБақытжан Сүлейменов тауар сатып жатыр
Бақытжан Сүлейменов тауар сатып жатыр - Sputnik Қазақстан
Бақытжан Сүлейменов тауар сатып жатыр

"Сыпыртқыны пайдалану — нағыз спорт"

Кәсіпкер тәжірибемде сыпыртқы сатып алып, расымен де тұрмысқа шығып немесе ұл тауып жатқандарды өзім кездестірмедім деп отыр. "Бәлкім ондайлар да бар шығар. Бәрі адамның ішкі қалауына, ниетіне байланысты ғой" деген ол осыдан біраз жыл бұрын сыпыртқы сатып алушылар кенеттен күрт төмендеп кетті дейді.

Түркістан облысының Төрткүл ауылының тұрғыны Жақсылық Отаубеков - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"Тапқыр шебер" атанған түркістандық қария ерекше ісімен жұртты таңғалдырып жүр - фото
Оның себебі де жоқ емес. Айтуынша, халық жаппай шаңсорғыш сатып алуға көшкен. Бірақ, соңғы жылдары сыпыртқыны сатып алушылар қатары көбейіпті.

"Шаңсорғышты алады да, үйді айналып жүреді. Ол біріншіден электр энергиясын жейді. Екіншіден, үйді жақсы тазаламайды. Ал сыпыртқы деген жақсы ғой. Қуыс-қуыстың бәрін тазалап шығасың. Бастысы, сыпыру – нағыз спорт. Қимыл мен қозғалыс. Қан айналым жақсарады. Денсаулыққа пайдасы бар. Өзіміз үйде сыпыртқы қолданамыз. Үй сыпыратын, дала, қораға арналған түр-түрі бар. Негізі менің шығарған өлең шумақтарымның өзінде астарлы мағына барын атап өткім келеді", — деп ағынан жарылды шымкенттік тұрғын. 

Айтпақшы, саудагер жылдың қай мезгілінде қандай тауарға сұраныс артатынын да жасырмады. Мәселен, желдеткіш жаз айларында, жылытқыш пештері қыс ауасында, ал шеге мен өзге де темір-терсек құралдары ерте көктемде көбірек сатылады. Сыпыртқыға жыл он екі ай сұраныс бар дейді ол. 

© Sputnik / Жансая ТәуекелқызыСатып алушылардың бірі "Не жазып қойғансың? Тым ерсі" деп ренішін білдіріп кетсе, енді бірі ризашылығын айтады екен
Сатып алушылардың бірі Не жазып қойғансың? Тым ерсі деп ренішін білдіріп кетсе, енді бірі ризашылығын айтады екен - Sputnik Қазақстан
Сатып алушылардың бірі "Не жазып қойғансың? Тым ерсі" деп ренішін білдіріп кетсе, енді бірі ризашылығын айтады екен

Ләңгі мен асықты насихаттап жүр

Медбике шприцке дәрі толтырып жатыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте полицей жұмбақ жағдайда өлді: емханада ем қабылдап жатқан
Сатып алушының назарын аударатындай әдістің хас шебері атанған кәсіпкер соңғы бір жылдан бері қазақтың ұлттық ойындарын насихаттауды қолға алыпты. Сауда нүктесінде асықтың түр-түрін кездестіресіз. Бірақ, Бақытжан Сүлейменов оларды саудаға шығарып жатқан жоқпын дейді. Балаларымен бірге келген адамдарға сыйға тартып жүрмін деген ол ләңгі бизнесін де дөңгелетіп отыр.

"Ләңгіні өзім қолдан жасаймын. Тері мен қорғасынды сатып алатындықтан ләңгіні тегін беріп жатқаным жоқ. Тым болмағанда кеткен шығынды жабу керек қой. Әр данасын 200 теңгеден саудалап отырмын. Тапсырыс берушілер де бар", —  деген саудагер бизнесті енді қолға алуды ниеттеп отырғандарға өз кеңесін де бере кеткенді жөн санады.

"Бастысы, ерінбеу керек. Сауда үнемі қозғалысты қажет етеді. Тауар алып келіп, бәрін сатып алып, кейін бір-ақ тауар алып келемін деп отырсаң, табысты бола алмайсың. Үнемі айналымың болуы шарт", —  деп сөзін түйді әріптестері арасында "Баха" лақап атымен танылған шымкенттік азамат.

© Sputnik / Жансая ТәуекелқызыБақытжан Сүлейменовтің саудамен айналысып жүргеніне 15 жылдан асты
Бақытжан Сүлейменовтің саудамен айналысып жүргеніне 15 жылдан асты - Sputnik Қазақстан
Бақытжан Сүлейменовтің саудамен айналысып жүргеніне 15 жылдан асты
Жаңалықтар
0