Спорт

Альварес Қазақстан футболы жайлы пікір білдірді

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан - Андорра матчы
Қазақстан - Андорра матчы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Андорра бапкері қазақстандықтар жылдамдық мен техника жағынан басым болғанын мойындады

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Андоррамен кездесіп, 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Андорра бапкері жеңілістің себебін түсіндіріп, Қазақстан футболының деңгейі жайлы пікір білдірді. 

Қазақстан футзал құрамасы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық футболшылар Еуропа чемпионатында ағылшындарды ойсырата ұтты

Кольдо Альварестің пайымынша, Қазақстан командасы өз шәкірттерінен бір бәс жоғары екенін байқатқан. Бапкер қарсыластары жылдамдық мен техника жағынан басым түскенін мойындады.

"Әуелде біз анау айтқандай нашар ойын көрсеткен жоқпыз. Үшінші голдан кейін, яғни автогол мен бір ойыншымыз қуылғаннан соң, жағдай қиындай бастады. Допқа иелік ете алмаған кезде, қатал ойын қорғану әдісімізге айналып кетті", — деді Альварес.

Бапкер Андорра құрамасы жасанды алаңда күнде ойнап жүрмегенін атап өтті. Алайда команда кез келген жағдайда ойнауға дағдыланған, деп түйіндеді ол.

Андорра командасы "Астана Аренада" ойсырай ұтылды. Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі қарымта кездесу 4: 0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Еркебұлан Сейдахмет (21-минут), Бауыржан Тұрысбек  және Роман Мұртазаев (74) гол соқты, бір автогол болды.   


Жаңалықтар
0