Спорт

Қазақстандық футболшылар Еуропа чемпионатында ағылшындарды ойсырата ұтты

© Photo : Facebook/European Minifootball FederationҚазақстан футзал құрамасы
Қазақстан футзал құрамасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның футзал құрамасы Англия командасын 2:0 есебімен жеңді

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қазақстан Республикасының құрамасы әуесқойлар арасындағы мини-футболдан Еуропа чемпионатында 3-орын алды, деп хабарлайды Ақмола облысы спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Португалияны жеңді - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан құрамасы Португалияны жеңіп, сенсация жасады

Киевте әуесқойлар арасындағы мини-футболдан Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетті, жарысқа Ескі құрлықтың 16 мықты құрамасы қатысқан. Қазақстан ұлттық құрама командасы қатарында Ақмола облысы Астрахань балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебінің футбол бапкері Мейрам Тигумбаев қатысты.

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Албания (1:0) мен Ирландияны (3:0) ұтып, Болгария мен Босния және Герцеговина командаларымен тең түсті (қос матч та 1:1 есебімен аяқталған). Ширек финалда отандастарымыз сербтерді 2:1 есебімен ұтып, жартылай финалда Румыния құрамасына қарсы шықты. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталғанымен, пенальти бойынша қарсыластар басым түсті — 1:3.

Үшінші орын үшін болған матчта Қазақстан құрамасы ағылшындарды 2:0 есебімен ұтты. Командаға жеңіс голын сыйлағандар: Дидар Сыдықбек пен Ержан Жарылқағанов.

Сонымен, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді. Турнир жеңімпазы – ақтық сында Румыния командасын ұтқан Чехия құрамасы.

Данияр Елеусінов өзіне тіл тигізген боксшыға не деп жауап берді?

Жаңалықтар
0