АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 158 мың теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жыл басынан бері 414,5 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталуда. Жалақы бір қарқынмен өсіп жатыр. Осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде орташа айлық жалақы 158,2 мың теңгені құрады және нақты мәнде 1,9% өсті", — деді ол.
Қаңтар-тамызда нақты ақшалай кірістер нақты жалақының өсуі мен инфляциялық процестердің баяулауы аясында 3,5% өскен.
Қазақстанда үш жүзге жуық қызметкердің жалақысы өседі
"Қыркүйек айында экономиканың 6% өсуі арқасында ЖІӨ өсімінің 4+ деңгейіне жетуіне мүмкіндік пайда болғанын атап өткім келеді. Бұл үшін төртінші тоқсанда экономиканың 3,9 процентттен кем емес дамуын қамтамасыз ету қажет", — деді Сүлейменов.
1 қазандағы жағдай бойынша елдің халықаралық резевтері 86,4 миллиард долларды құраған. Ұлттық қордың активері 56,3 миллиард доллар, ал алтын-валюта резервтері 30,0 миллиард долларды құрады.
"Экспорт 28,2 процентке, импорт 10,8 процентке өсті. Импорт негізінен импортталатын инвестициялық тауарлар есебінен өсті. Өсім 20,4 процентті құрады", — деді министр.
Ал экономиканы кредиттеуде керісінше тоқырау байқалады. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда кредиттеу 13 триллион теңгені құрап, 0,1 процентке төмендеген. Төмендеу бәрінен бұрын бизнес кредиттеріне байланысты болды. Бұл ретте тұтынушылық кредиттері 10,7 процент өсті.