Қоғам

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

Құрбан айт
Құрбан айт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары имамдардың жалақысы қанша екенін айтты

АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб-мүфтиі Бауыржан Есмахан имамдардың жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Колония, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оңтүстік Қазақстанда имам сотталды

"Қазір ҚМДБ-да имамдардың жалақысы 30-40 мың теңгеден бастап, 70-80-100 мың теңге аралығында. Біз мұны қазіргі заманда көп ақша деп ойламаймыз. Сіздер білесіздер, біздің имамдар қаражатты сол мешітте тұрған жәшікке қайырымдылық ретінде берілген ақшадан алады. Ал әрбір мешіттің жағдайы бірдей емес. Үлкен қалалар мен кейбір аудан орталығындағы мешіттерде бұл жағынан қиындық болмауы мүмкін. Ал шағын елді мекендерде қаражат мәселесі өте өзекті. Себебі жәшікке түскен ақшадан имамның, наиб-имамның, азаншының, тазалықшы мен күзетшінің айлығын береді. Содан кейін коммуналдық төлемдерін төлейді. Мұның бәріне ақша жеткізу мүмкін емес. Өйткені қаражат халықтың мешітке келуіне байланысты түседі", — деді наиб-мүфти ОКҚ-де "Уақып" корпоративтік қайырымдылық қорының қызметіне қатысты өткен баспасөз мәслихатынан кейін.

Оның айтуынша, қаражат түсімі аз, коммуналдық төлемақыны төлеуге шамасы келмей отырған мешіттерге "Уақып" қоры көмектеседі.

"Қор құрылмағанға дейін, қаражат мәселесі демеушілер арқылы шешіліп келді. Бірақ демеушілер әрдайым тұрақты емес, бір ай беріп, екінші айда ақшам жоқ деп бас тартуы мүмкін. Ал "Уақып" қоры үнемі қол ұшын созады. Қордың міндеттерінің бірі де осы салада имамдарға көмегін көрсету", — деді Бас мүфтидің орынбасары. 

Бауыржан Есмахан жалақының аздығынан мешіттегі қызметін тастап кеткен имамдар жоқтың қасы дейді. 

"Әлеуметтік жағдайым нашар, ақша жағы қиындау деп мешітті тастап кеткендер болған жоқ. Мен өз басым ондайды естіген жоқпын. Бірақ түрлі себептермен басқа салаға ауысатындар бар. Олар да өмір бойы діни қызметкер болып жүре бермейді ғой. Кәсіпкерлік саласына, мемлекеттік қызметке ауысқандар болды. Бірақ көп жағдайда біздің қызметкерлер шыдайды", — деді ол.

Жаңалықтар
0