АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Елдос Күншығаровты Түркиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратура баспасөз қызметі.
Ол 2011 жылы Атырау қаласының аумағында террористік қылмыстар жасағаны үшін айыпталған.
Күншығаров лаңкестік жасағаннан кейін шетелге қашып кеткен болатын. Сол кезде оған халықаралық іздеу жарияланды.
Алматыда теракт жасаған Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?
Қазақстанның қылмыстық қудалау органдары түрік әріптестерімен бірлесіп әрекет етуі нәтижесінде күдіктіні елге жеткізді.
Қазір Күншығаров Атырау қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Сот үкімі шығарылғанға дейін сонда болады.