Өңірлер

Ағайынды салафиттер теракт туралы хабарлап, полицейлерді соққыға жықты

CC0 / Anja Osenberg / Полицейлер
Полицейлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі ағайынды жігіт есірткі шегіп алған екен, ұстау кезінде біреуі қашып кетуге талпынды

АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. Ақтөбеде экстремистік діни көзқарастағы егіздер ұсталды, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 29 шілдеде егіз жігіттердің бірі 102 нөміріне хабарласып, әзірленіп жатқан теракт туралы хабар береді.

Алматыдағы теракт, 18 шілде 2016 жыл - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыдағы теракт: қанды қырғынның ортасында болған адамның әңгімесі

Полицейлер қоңыраудың мекенжайын анықтап, сол жерде хабар беруші жігіт пен оның сыңарының үстінен түседі.

"Есірткі шегіп алған екен, ештеңе түсіндіріп айта алмады, әкімшілік қамауға алу үшін абақтыға жеткізбек болғанда қарсылық көрсетті. Ағайындылардың бірі қашпақ болып, Ақтөбе ІІБ-нің екі қызметкеріне қол көтерді", — деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Ұлыбритания парламенті жанында адамдарды көлік басып кетті — кадрлар

Сонымен бірге, ұсталған егіздердің мінез-құлқын тексеру барысында олардың салафиттік теріс діни наным-сенімді ұстанатыны анықталды.

ІІМ мәліметіне сүйенсек, ұсталғандарға қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімішілік хаттама толтырылып, полицейлерді ұрып-соққан ер адам ҚК 380-бабы 1-тармағы (билік өкіліне қарсы күш қолдану) бойынша жауапқа тартылады.

үшін қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па – хабарланбады.

Батыс Қазақстанда қаруланған экстремистер тобы қолға түсті

5 маусымдағы қырғын: 2016 жылғы Ақтөбедегі терактінің белгісіз тұстары

Жаңалықтар
0