Қоғам

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

© Sputnik Астанадағы көктайғақ
Астанадағы көктайғақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция ауа райының бұзылуына байланысты жолдарда аса сақ болуды сұрайды

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ауа райының бұзылуына байланысты автожолдарда көктайғақ болатынын ескертеді. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Фотодерек: Қазақстанда алғашқы қар түсті

"Осыған байланысты автокөлік жүргізушілері жолдарда, әсіресе, балаларға арналған оқу орындарының маңында, қоғамдық көлік аялдамаларында, жаяу жүргіншілер өткелінде аса мұқият болып, жылдамдық режимін, қашықтықты және басқа да Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауы қажет", — деп жазылған полицияның үндеуінде. 

Ішкі істер министрлігі жолдан өтетін жаяу жүргіншілерге ылғалды және тайғақ жолда көлікті тоқтату қиындайтынын ескертеді.   

Өткен демалыс күндері Астана, Петропавл және Қарағандыда алғашқы қар жауды.

Синоптиктер 15 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды құбылмалы ауа райы болатынын ескертеді.

Тек батыста және оңтүстік-батыста қар-жаңбыр жаумайды. Жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.  

Жаңалықтар
0