Өңірлер

Фотодерек: Қазақстанда алғашқы қар түсті

CC0 / rihaij / Қар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің солтүстігі мен шығыс өңірлеріне қыс келді

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Бүгін Қазақстанның солтүстік аймақтарына алғашқы қар түсті. 

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері ел аумағында суық атмосфералық ағымдардың әсерінен жаңбыр жауып, арты қарға ұласатынын ескерткен еді.

© SputnikПавлодар облысы Баянауыл ауданы Күркелі ауылындағы алғашқы қар
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Күркелі ауылындағы алғашқы қар - Sputnik Қазақстан
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Күркелі ауылындағы алғашқы қар

Бүгін Астанада, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында да жабысқақ қар жауады. Бұған қоса желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін күшейеді деп болжануда.

© SputnikҚарағандыға алғашқы қар түсті
Қарағандыға алғашқы қар түсті - Sputnik Қазақстан
Қарағандыға алғашқы қар түсті
 

Жексенбі, 14 қазан күні республиканың оңтүстігінде күн суытады. Атап айтсақ, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қатты нөсер жауын жауып, арты қарға ұласады.

Жаңалықтар
0