Қоғам

Йогурттың құрамын зерттеген қазақстандық мамандар жағасын ұстады

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуЙогурт, архивтегі фото
Йогурт, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тағамтанушылар йогуртты да адам ағзасына аса зиянды өнімдер қатарына қосып отыр

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik.  Йогурттың құрамында қант шамадан тыс көп. Әрі концентранттар аямай қосылады. Қазақстанның тағамтанушылары осылай деп дабыл қағуда. Мұны арнайы жүргізілген зерттеу анықтапты. 

Дүкендерде йогурттың түр-түрі cамсап тұр. Оны әсіресе балалар сүйсіне жейді. Ата-аналар да кішкентайларға қытырлақ картоп пен газдалған сусындардан гөрі йогурт алып беру пайдалырақ деген сенімде. Тіпті, йогуртқа ересектер де құмар. Әсіресе диета сақтайтындар көптеп сатып алады. Сөйтсек, оның пайдасынан гөрі зияны көп екен. Қант диабетіне әкелуі мүмкін, деп жазды КТК. 

Жүзім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар жүзімнің ешкім күтпеген пайдасын ашты

"Қазіргі уақытта қантсыз шығарылатын йогурттар жоқтың қасы. Сүт тағамдарын соңғы уақытта өзіміз бүлдіріп алдық. Одан жасалатын айран, йогуртқа қант қосуды үйрендік. Оның зияны соншалықты, мысалы адамның организіміндегі сүйекке, ас қорытуға керекті кальций деген элементті жеп қояды", — дейді  Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.

Мамандар жылдап мұздатқышта тұрса да  бұзылмайтын осы сүт өнімінен тұтынбауға шақырады. Сақталу мерзімі де бір жылға дейін екендігі сыртында жазулы. Балаларға оның тәтті емес әрі майы аздауын алған жөн екендігін айтуда. Ал, сүт өнімімімен шығарушылар бұл пікірмен келіспейді.

"Біз халықтың сұранысына байланысты екі түрлі йогурт жасаймыз. Біріншісі стандарты, қант қосылған. Себебі оны балалар тәтті болғаны үшін жақсы көреді. Сол үшін рецептураға сәйкес қант қосамыз. Екіншісі табиғи қантсыз.  Халықаралық тағам қауіпсіздік стандарттары қолданылады. Соған байланысты тек рецеаптура бойынша рұқсат етілген  нормалармен дайындаймыз", — деп түсіндірді технолог Әсел Өскенбай.

Ал дәрігерлер бұл өнім диабетінен бөлек, тіс ауруларына да әкеп соқтыратынын айтады.   

Тағамтанушылар да йогуртты алмас бұрын оның қандай сүттен жасалғанын және құрамындаға қанттың мөлшеріне мән беруді сұрайды


Жаңалықтар
0