Қоғам

Ғалымдар жүзімнің ешкім күтпеген пайдасын ашты

© Sputnik / Тимур БатыршинЖүзім
Жүзім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүзім құрамындағы химиялық қосылыс өкпе қатерлі ісігіне қарсы таптырмас ем екені дәлеледенді

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Женева университетінің ғалымдары жүзім құрамындағы фенолдық қосылыс – ресвератрол өкпе қатерлі ісігін емдейтін қасиетке ие екенін анықтады, деп хабарлайды РИА Новости Science Daily порталына сілтеме жасап.

Таблетки - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар аспириннің қандай қатерлі ауруды емдейтінін айтты

Бұл қасиетті анықтау үшін зерттеушілер тышқандарға тәжірибе жүргізді. Кеміргіштердің біраз бөлігін темекі түтінінде болатын канцерогенмен улайды. Артынша ресвератролмен емдейді. Сынаққа қатысқан тышқандарды төрт топқа бөлген: бірінші топқа канцероген де, ресвератрол да бермепті, екінші топқа – екі затты да бірден берген, ал тағы екі тышқанға екі заттың біреуін ғана беріпті.

айтуынша, бұдан бұрын ресвератролға жүргізілген зерттеулер өкпе қатерлі ісігін емдейтін қасиетін анықтамаған. Мамандар оның себебін былайша түсіндіреді: зат тышқандардың аузына құйылғандықтан, өкпесіне жетіп үлгермеген. Сол кезде олар процесті жеделдету үшін, затты мұрын арқылы енгізіп көреді, сонда ғана ресвератролдың пайдасы дәлелденеді.

Белгілі болғандай, "ем алған" тышқандарда ісіктің көлемі екінші топтағы кеміргіштердікімен салыстырғанда 45 пайызға кішірейген.

Жаңалықтар
0