Экономика

Үкімет қазақстандықтардың табысын өсіретін жалпыұлттық жоспар қабылдады

Жазылу
Жалпыұлттық жоспарда алдағы кезеңге арналған мемлекеттің дамуының 6 түйінді міндеті бойынша 103 шара көзделген

АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Бүгін үкімет мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын таныстырды. Жоспарда мемлекеттің дамуының 6 міндеті бойынша 103 шара көзделген.

Операция, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мемлекет басшысы медициналық қызметкерлердің жалақысын өсіруді тапсырды

"Халық табысының өсуі атты бірінші міндет аясында 24 іс-шара көзделіп отыр. Ол жалақының өсуі және жаңа жұмыс орындарының ашылуы есебінен қазақстандықтардың табысын арттыруға бағытталады. Атап айтқанда, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері кезең-кезеңімен көтеріледі. Бюджет саласы жұмыскерлерінің жекелеген санаттарының жалақысы ұлғайтылады. Табиғи монополиялар тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнама жетілдіріледі. "Бизнестің жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы жыл сайын кемінде 30 млрд теңгемен қоса қаржыландыра отырып, 2025 жылға дейін ұзартылады", — деді Сүлейменов үкімет отырысында. 

Министр үш ауысымды мектептер мен орын тапшылығы мәселесін шешу үшін келесі жылы қосымша 50 миллиард теңге бөлініп, мектеп құрылысы басталатынын айтты.

"Білім беру саласында оқушыларға орын тапшылығын жою үшін және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін келесі жылы қосымша 50 миллиард теңге қаржыландырумен өңірлерде мектеп құрылысы басталады. Мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйымдар жұмыскерлерін ынталандыру үшін келесі жылы "Педагогтар мәртебесі туралы" заң әзірленеді", — деді ол. 

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында бірқатар шара көзделген. Биыл Астанада ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының құрылысы басталады. Медицина қызметтерінің сапасын артыру үшін 2019 жылы 1 қаңтардан бастап емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық түрде жүргізуге көшпек.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министрлік қазақстандықтардың табысын көтеруді жоспарлап отыр

"Болашақта елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжам схемасы жаңа форматта әзірленіп қабылданады. Бұл еліміздің басқарылатын урбанизациясының жаңа картасына айналады. Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының нақты іс-шараларын, жобаларын қаржыландыруды көрсете отырып, келесі жылдың қараша айында қабылданады. Практикалық шараларды іске асыру үшін "Нұрлы жол", "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламаларының мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылады", — деді министр.

Бұған қоса, министр атап өткендей, құқық қорғау органдарының жұмысын түбегейлі жақсарту мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жол картасы қабылданады. 

Мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелерін адамдарға түсіндіруді көздейтін "Жаңа формацияның басшысы" мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады. Басшы лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерді арнайы қайта даярлау курстарына, жеке сектордың үздік жеке компанияларға жұмыс тәжірибесі бар және білікті жетекші университеттерінде білім алған мамандар тартылады. 

"Жастардың барлық санатын қолдау шараларын көздейтін Жастар жылын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді. Әскери-патриоттық тәрбие рөлін күшейту үшін "Сарбаз балалар-жасөспірімдер" бірлестігі құрылады", — деді Сүлейменов.

Жаңалықтар
0