Қоғам

"Ашаршылық. Бәсеке. Даму". Қазақстан халық санының күрт өсуіне дайын ба?

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБесікке бөлеу
Бесікке бөлеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тарихшы мамандар халық санының артуы арқасында өзара бәсекелістік артып, кез келген салада сапа пайда болатынын айтты

АСТАНА, 8 қазан — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Тарихи факторлар әсерінен қазақ халқының саны жетіден 2,5 миллионға дейін азайған болатын. Дәлірек айтсақ, мұның басты себебі — қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргін және Қазақстан жеріне көшірілген өзге ұлт өкілдерінің өз отандарына көшіп кетуі. Уақыт өте келе елемізде туу көрсеткіші артып, 2017 жылғы санақ бойынша, халық саны 18 074,1 миллион адамға жетті. Осы орайда, тарихшы және экономист мамандар халық санын арттырудың ұлт болып қалыптасудағы рөліне, қазақ халқының қанын таза сақтап қалудың маңызына және экономика үшін пайдалы тұстарына тоқталды.

Демография - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде 2050 жылға қарай халық саны 24 миллионнан асады

"Халық саны артса, іріктеліп шығатын жақсылар көбейеді"

Алдымен, халық санының азаюына қандай тарихи факторлар әсер еткеніне тоқталайын. Мысалы, сіздің 500 қойыңыз болды делік. Осы 500 қойды бағу үшін сізге үлкен жайылымдық жер керек. Осы жайылымдық жер жетпегендіктен, адамдар ұлы көштермен бірге Еуропаға, Азияның басқа бөліктеріне қоныс аударып отырған. Бұдан кейін "жер дауы" деген мәселе бар. Бірақ қазақтар қасық қаны қалғанша жерін ешкімге бермей қорғады. Сондай-ақ, әр шаршы метр жердің иесі және оны пайдалану тәртібі болды.

Үшінші фактор — отарлау саясаты. Осы саясат негізінде қолдан халық санын азайту шаралары жүрді. Олар 1930-33 жылдардағы ашаршылық, 1937-38 жылдардағы репрессия және 40-жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Осындай факторлар салдарынан халық саны 7 миллионнан 2,5 миллионға дейін қысқарды. Қазір ақырындап халық саны қайта көбейіп келе жатыр. Ал Қола дәуірі секілді кезеңдерде халық өте тығыз болды. Сол себепті мал шаруашылығы мен өнеркәсіп қатар дамыды.

Қай жағынан алып қарасақ та, халық саны мемлекеттің ұлт болып қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Халық саны неғұрлым көп болса, ішінен суырылып шығатын жақсылардың саны артады. Өтпелі кезеңдерде осы халық санының көп болуы экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастардағы мәселелерді шешуде үлкен рөл ойнайды.

Әнуар Жанғозин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада тарих және география сабақтары музейлерде өтетін болады

Бұл бірінші кезекте экономикамыздың өсіп-өркендеуінде үлкен рөл атқаратынын ұмытпауымыз керек. Мысалы, мен кітап жазатын жазушымын делік. Әлбетте кітабымның көп тиражбен шыққанын және оның көп адам оқығанын қалаймын. Егер Қазақстанда 18 миллион емес, 40-50 миллион адам тұратын болса, онда мен кітабымды 10 есе көп тиражбен шығарамын. Ал халық саны аз болса, мен мұндай қадамға бармаймын.

Үшіншіден, халық санын көбейтудің ұтымды тұсы — бәсекелістіктің артуы. Халық неғұрлым тығыз орналасқан аймақтарда міндетті түрде бәсеке жоғары болады. Адамдардың тіршілік үшін күрес жүргізуде мотивациясы жоғарылай түседі, дейді тарихшы, профессор Жамбыл Артықбаев.

Халық саны күрт көбейсе, ашаршылық бола ма?

Халық санының артуы бірінші кезекте ел экономикасына оң әсерін тигізеді. Бұл процесс мемлекеттіліктің тірегі болып, көптеген адамды жұмыспен қамтиды. Оның үстіне өлім-жітімнің де бар екенін ұмытпайық. Екіншіден, қазір ел шекарасын күзететін жауынгерлер жетпей отыр. Үшіншіден, көптеген азаматымыздың шетелге кету тенденциясы орын алып отыр.

Халық арасында "Адам саны күрт көбейсе, ашаршылық болуы мүмкін" деген пікір қалыптасқан. Бұл қате түсінік. Жапония елін мысалға алайық. Аталған мемлекет 110-120 миллион халықты асырап отыр. Кішкене аралда осыншама халыққа жер жетіп отыр. Ал біздің Қазақстанда 100 миллион, тіпті, 200 миллион адамға да жер жетеді.

Үкімет тарапынан аздаған демеу болса, халық экономика тұрғысынан еш қиналмайды, дейді тарихшы Ғалымжан Бексейітов.

"Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады"

Астана қаласында өтіп жатқан концерт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда халық санағына қанша қаржы жұмсалмақ

Жан басының көп болуын ата-бабамыз жөн санап, мән беріп отырған. Бүгінгі таңда да демографиялық мәселелер аса маңызды. Мемлекет тарапынан жасалып отырған жас отбасыларды қолдау, жөргекпұл төлеу, жас аналарға көмек, тағы басқа іс-шаралар осының нақты дәлелі. Ұлт болашағы үшін халық санын көбейту қажетті іс-шаралар қатарынан саналады. Халық санының көп болуы өзге алпауыт елдер санатында тереземіз тең, еңсеміз биік болуына игі әсер етеді.

Сондай-ақ, шетсіз-шексіз игерілмей жатқан жерімізде халықты қоныстандыру, "шөл далаларды гүлге айналдыру", шөл далаларға арналы су жеткізіп, нәр беру, тіршілік ордасын құру сияқты іс-шаралардың негізі болар еді. Бүгінгі таңда мамандық иелері санатында адам өмірі үшін аса қажет дәрігер мамандар, биохимиктер, физиктер, т.б. мамандар зәрулігі байқалады. Халық санының көп болуы мамандар қатарының да молаюына әсер етер еді.

Төртіншіден, "Ақыл-жастан, асыл-тастан" дегендей, жас өрендердің көп болуы бұл жаңашылдық, жаңа идеялар, тың бастамалардың қайнарының көп болуына ықпал етеді. Елімізде жаңа жас қалалар пайда болып, техникалық прогресс сияқты өндіріс салаларының да қарқынды дамуына әсер етер еді, дейді ішкі істер министрлігінің полковнигі Әміржан Ақшолақов.

"Алаш инттелигенциясы — сұрыпталудың нәтижесі"

Қан тазалығын реттеп отыратын жеті ата секілді институттар бар. Алайда осыны белгілі бір институттарсыз-ақ реттеп отыруға болады деп ойлаймын. Қазақ халқы ғана емес, басқа қоғамда да қан тазалығын сақтап қалуға тырысады. Себебі, бұл жақын туыстар арасындағы әлеуметтік реңкті бұзуға алып келеді. Ұжым бірнешеге бөлініп кетеді. Сондай-ақ, осы қан тазалығы деген ұғымды тектілікпен қатар қоюға болады. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамында жүрген көшбасшылық қасиеті бар адамдар міндетті түрде текті жердің қызын алатын болған. Екі жақ мықты болса, олардан шығатын "нәтиженің де" күшті болатыны сөзсіз. Бұл нағыз сұрыпталу процесі. Ал текті деп өзіндік негізі, шаруашылығы, белгілі бір көзқарасы бар адамдарды айтамыз. Мысалы, Алаш инттелигенциясы — сұрыпталудың нәтижесі. Біраз шаһарда мұндай процесті "сұрыпталудың нәтижесі" деп атайды. Яғни осылайша қан тазалығының арқасында мықты гендер шығады, дейді профессор Жамбыл Артықбаев.

Алдағы уақытта антрополог мамандар біздің қазақты "қасиетті" деп атайтын шығар. Арамызда монголоид, еуропоид нәсілділер араласып жүр. Иран тектестер де бары сөзсіз. Қалай десек те, қоспаны араластырмай, қанды тазартудың ұлт болып қалыптасу жолында маңызы зор. Дәлірек айтатын болсақ, қанның тазалығы мәдениетті сақтап қалуда басты рөл ойнайды.

Қазақтың өзіне ғана тән ерекше мінезі бар екені сөзсіз. Мысалы, дәл қазір быт-шыт болып ұрысып қалсақ, ертеңінде түк болмағандай сөйлесіп жүре береміз. Егер қан араласатын болса, осы секілді менталитетіміз де жойылады, дейді тарихшы Ғалымжан Бексейітов.

"Қазақстан қалай дамып келеді: экстенсивті әлде интенсивті?"

Біріншіден, халық саны ешуақытта 18 миллион болып тұрып, бірден 25 миллионға өсіп кетпейді. Қазақстан экономикасы қазір қанағаттандырарлық деңгейде. Мысалы, экономикамыз қазір 4%, ал халық саны 2% өсіп отыр. Әдетте халық саны мен экономика қатар өсетін болса, мұны экстенсивті даму деп атайды. Ал бізде интенсивті даму байқалады.

Дәрігер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр

Дәлірек айтсақ, жалпы ішкі өнімді адам басына шағатын болсақ, 9-10 долларға жетіп қалады. Қазіргі мақсат — осы соманы алдағы төрт-бес жыл ішінде 12-13 долларға жеткізу. Дәл осылай болған жағдайда дамыған 50 елдің қатарына қосылатынымыз сөзсіз. Ал 30 ел қатарына қосылу үшін еңбектене түсуіміз қажет болады.

Кейбір балалары көп отбасылар қиналуы мүмкін. Әрине, өздерінің табысы мол болып, ата-әжесіне де қарайлап, 8-10 баласына жақсы білім беріп, тамақтандырып, киімін бүтіндеп жатса, нұр үстіне нұр. Ал әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға әдетте мемлекет көмектесіп отырады. 7-8 арнайы бағдарлама бар. Көмек бірінші зейнеткерлерге, кейін мүгедек, мұқтаж жандарға беріледі.

Көпбалалы отбасыларға да қатысты арнаулы жәрдемдер бар. Қателеспесем үшінші-төртінші баласын туғандарға көмек ретінде 76-120 мың теңгедей ақша беріледі. Қазақстанда мұндай көмек түрі бұрыннан бар. Яғни біз халық санының өсуі мәселесіне келгенде аса көп қиналмаймыз, деген пікір білдірді экономист Сапарбай Жұбаев.

Жаңалықтар
0