АСТАНА, 8 қазан — Sputnik. Ресейлік зерттеушілер жеміс шырындарының химиялық құрамын анықтап, жасанды екенін анықтайтын ерекше реагент жасап шығарды. Зерттеу нәтижелері Journal of Chromatography A басылымында жарияланған, деп хабарлайды РИА Новости.
"Жұмысымыздың мақсаты шырынға талдау жасау емес, бөліну коэффициенті бойынша әлемде баламасы жоқ сорбентті таныстыру еді. Ал жасап шығарған сорбентіміз қиын тапсырманы сәтті орындай алатынын көрсету үшін, шырынға сараптама жасап көрсеттік", — дейді М.В. Ломоносов атындағы ММУ маманы Александра Затираха.
Затираха мен оның әріптестері шырынға талдау жасау процесін әжептеуір жеңілдеткен. Олар ойлап тапқан сіңіргіш зат шырынды бойына тез сіңіріп, оның құрамындағы басқа заттарды "сұрыптап көрсетеді", сонда шырынның құрамы газ хроматографының көмегімен анық көрінеді.
Қартаюды қалай баяулатуға болады?
Осы сорбенттің қаншалықты тиімді жұмыс атқаратынын ғалымдар Мәскеу дүкендеріндегі апельсин және алма шырындарына зерттеу жүргізе отырып, анықтауға тырысты. Зерттеушілер айтқандай, цитрус шырынының кей қаптамаларында алма қышқылы табылған, демек өндірушілер апельсин шырынын алма шырынымен араластырып, қулық жасаған болса керек.
Екінші жағынан, сусын таза апельсин шырыны болмаса да, микробтарға қатысты қышқылдар мөлшері аз болғандықтан, адам денсаулығына зиянын тигізбейді. Ал ғалымдар ойлап тапқан сорбенттің құрылымы мен құрамын жетілдіру нәтижесінде сіңіргіш зат бұдан да көп қосылыстарды ажырату мүмкіндігіне ие болып, өндірісте және ғылымды кең пайдаланылуы әбден мүмкін.