АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Қостанайда 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне қатысты іс бойынша екі полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды, деп жазады "Костанайские новости".
Істің материалдары бойынша, 2018 жылдың 20 шілдесінде Даша Махартова жүгіруге шыққанда, белгісіз бір ер адам оны жыраға итеріп, соққыға шығады. Оқиға куәгерлері — қыз бен жігіт бірден полиция шақырып, қай жерде екенін хабарлайды.
Оқиға орнына келген старшина Алмат Ермаканов пен аға сержант Руслан Рыжеволов қызметтік көліктен шығып, жәбірленушіні қарамаған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша ол кезде бойжеткен әлі тірі еді, өміріне араша түсуге мүмкіндік бар болатын.
Сотта адвокаттар полицейлердің әрекетсіздігін жұмыс соңында шарашаған деп ақтап, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал айыптау полицейлерді екі жылға түрмеге отырғызуды талап еткен.
Судья Жұмабек Садуақасов үкім шығарар кезде айтқандай, әділдікті басшылыққа алып, бұрынғы тәртіп сақшыларын бір жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Атап өтсек, қайғылы оқиға 2018 жылдың шілдесіне дейін болғанда, салғырттығы үшін полицейлер бес жылға сотталуы мүмкін еді. Ал қазір мұндай қылмыс үшін жаза жеңілдетілген.
Дарья Махартованы өлтірді деген күдікпен 26 жастағы ер адам ұсталды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, күдікті ішімдікке салынған, бірақ көршілері де, туыстары да нақты қылмыскердің ұсталғанына сенбейді. Қылмыстың себептері әлі белгісіз.