Әлем

Кореяда 5 жасар қазақстандық бала өлді: емхана қарызды өтемейінше денені бермей қойған

CC0 / Engin_Akyurt / Адамның қолы, аурухана, бала, адам
Адамның қолы, аурухана, бала, адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қауіпті аурудан бір жыл бойы шетелде емделген бүлдіршін 23 қыркүйек күні өлді

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Кореяда емделіп жүріп өлген Богдан Унрудың денесін отанына өз қаржысына алып келмек.

Бала, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қақпаны өзі ашқан: Балқашта екі жасар бала жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Шетелдік емхана көпке дейін ата-анасына 90 мың доллар — шамамен 22,5 миллион теңге қарызды төлемейінше баланың денесін беруден бас тартқан. Қазақстандық дипломаттардың емхана басшылығымен келіссөздері еш нәтиже бермеді. Отандастары алдымен Богданның еміне, кейін оның денесін елге әкелуге ақша жинап берді. Мұның барлығы әлеуметтік желі арқылы жүзеге асты.

Бала 23 қыркүйек күні өлді.

СІМ баспасөз қызметі ата-анасының қарызды 5 қазан күні өтегенін хабарлады.

"Қазіргі сәтте елшілік қажетті құжаттардың бәрін рәсімдеп, баланың денесін Қазақстанға әкелу шараларын жүргізу үшін ата-анасымен байланысып отыр. Дене 7 қазан күні Өскеменге жіберіледі", — деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосындағылар.

Денені отанына әкелу шаралары арнайы бағдарлама бойынша бөлініп отырған қаржыға жүргізіледі.

Бала 23 қыркүйек күні бір жыл бойы емделгеннен кейін онкологиялық саркома ауруынан өлді. Ата-анасы жансақтау бөлімінде жатқан әр тәулік үшін 5 мың доллар төлегендерін хабарлады. Корея емханасында барлық қарызды өтемейінше, баланың денесі мен оның өлгені туралы куәлік беруден бас тартқан.

Жаңалықтар
0