Экономика

Бағаның өсуіне жол берген әкімдер Сағынтаевтың сынына ілікті

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуСупермаркет, архивтегі фото
Супермаркет, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы жылдың 9 айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,7%-ке өскен

АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұруды тапсырды, деп хабарлайды тілшісі.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түркістанға көшпей отырған шенеуніктер Сағынтаевтың ашуын келтірді

Бүгін үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері қаралды. Жергілікті атқарушы органдар бағаның өсуіне жол бермеу үшін барлық шара қолға алынғанын мәлімдеді.

"Жұмыс тек қана әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұруда емес, ақылы қызметтердің де бағасына қатысты. Медициналық қызмет көрсету, басқа да қызметтер қымбаттап кететін болса, азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұрудан еш пайда болмайды. Бір жағынан жүргізіліп жатқан жұмыстар жақсы, екінші жағынан, бос жіберіп қойып отырсыздар", — деді Сағынтаев. 

Премьер-министр өңір әкімдеріне азық-түліктің қымбаттауына жол бермеуді тапсырды.  

"Әлеуметтік мәні бар азық-түлік бағасының өсу проблемасы халық үшін өте маңызды мәселе. Сол себептен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеуге, ең алдымен, жергілікті атқарушы органдар жауапты екенін естеріңізге саламын. Сіздерге бағаны реттеу үшін өңірлік тұрақтандыру қорларының мүмкіндіктерін пайдалану, тауарларды уақытында сатып алу, жаңарту жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Мұның барлығы сіздердің тұрақты бақылауларыңызда болуы қажет. Мониторингті күшейтуді қолға алуды сұраймын", — деді үкімет басшысы.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов баяндағандай, жыл басынан бері инфляция деңгейі 5-7% аралығы шегінде сақталған. Қыркүйекте инфляция 0,4%-ті құрады, жыл басынан бері 3,3%-ке өскен. Жылдық инфляция 6,1% өсті. 

"Ахуалдың тұрақты екеніне қарамастан, кейбір тауарлар бойынша бағаның едәуір өскені байқалады. Жылдық көрсеткіште ең жоғары баға өсімі келесі тауарлар мен көрсетілеттін қызметтерде байқалды: дизель отыны – 38,2%; қызылша – 18,3%; қала маңы жол жүру ақысы – 18,1%; қырыққабат –16,7%; тас көмір –15,2%", — деді вице-министр үкімет отырысында.

Атырау - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Бар жұмысты істемейді" Атыраулық шенеунік Сағынтаевқа шағымданды

Ақылы қызметтердің бағасы мен тарифтері қалыпты қарқынмен өсті. Өсім 3,4% құрады (2017 жылғы 9 айда – 4,3%).

Кейбір өңірлерде баға әжептәуір өскен. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында қоқыс жинау бағасы 87,0% (бір адамнан қыркүйекте– 215 теңге, тамызда – 115 теңге), сұйытылған газ (баллондағы) бағасы 25,0%; Алматы қаласында қоқыс жинау бағасы 62,2% (бір адамнан қыркүйекте– 553 теңге, тамызда – 341 теңге); Түркістан облысында тұрғын үйді жалға алу бағасы 40,6%, ал кондитерлік өнімдер бағасы 30,2%. Қызылорда облысында орталықтан жылыту қызметтерінің бағасы 21,3%; Павлодар облысында қатты отын бағасы 15,9% өсті.

Осы жылдың 9 айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,7% өсті. Жыл басынан бастап қант – 17,6%, күріш – 11,3%, қырыққабат – 8,6%, күнбағыс майы – 4,5%-ке қымбаттаған.


Жаңалықтар
0