Экономика

"Судың да сұрауы бар" Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты

АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қазақстанның ірі компаниялары мен бизнесмендері Түркістан қаласына бір-бір нысаннан салып береді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір басшыға жеке-жеке тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына ресми сапармен барды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Назарбаев Түркістан облысын құруға не түрткі болғанын айтты

Қазақстан президенті өткен аптада Түркістанға жасаған сапары барысында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында Елбасы министрлер мен үкімет мүшелеріне, еліміздегі алпауыт компаниялардың басшыларына Түркістан қаласына бір-бір нысан салу жөнінде тапсырма берді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, президент әрбір басшыны орнынан тұрғызып, жеке-жеке сөйлескен. Назарбаев мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетілгенін, енді олар да елдің дамуына үлес қосуы керектігін баса айтқан. 

Мемлекет басшысы Түркістан қаласына қандай нысандар қажет екенін тізіп,  ірі компанияларға нақты міндет жүктеді.

Шымкент - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Назарбаев Шымкентті Өзбекстан астанасымен салыстыра сөйледі

Мәселен, Елбасы "Базис-А" компаниясының басшысы Александр Беловичке "Сіздер спорттық және мәдени нысандарды жақсы салып жүрсіздер. Бұл жерге театр керек. Оған қауқарыңыз жетеді деп есептеймін. Түркістанға әдемі, әмбебап театр салу қажет" деді. Бизнесмен тапсырманы орындауға уәде берді. Ал ENRC басшыларының бірі, атақты миллиардер Патох Шодиевке Түркістанда әлемдік деңгейдегі Түркі халықтарының музейін салып беруді тапсырды. 

Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" ҰК басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты халықаралық талапқа сай үлкен стадион салуға міндеттеді. Айдын Рақымбаев басқаратын "BI Group" компаниясы қазақ хандары мен билерінің, батырларының орталығын ашып берсе,  "Хайвилл Қазақстан" компаниясы тұрғын үй кешенін салуға кіріспек.

"Қазақстан теміржолы" ҰК жастар сарайын қолға алса, "KEGOC" Қожа Аxмет Ясауидің шағын музейін тұрғызады. Сондай-ақ "Қазпошта" АҚ Түркістанда заман талабына сай почта бөлімшесі мен цифрлық кеңсе салады.

Ал "Қазақтелеком" Smart теxнологияларын енгізеді. Кәсіпкер Данияр Абылғазин су спорты кешенін салуға уәде берсе, Нұрлан Смағұлов көлік салонын ашып бермек.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев әр таңын қандай сөздермен атыратынын айтты - видео

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Түркістанға қаржылай қолдау көрсетсе, түркиялық компаниялар да Түркістанды дамытуға үлес қосатынын білдірді.  Жиын барысында кәсіпкерлер мен ірі компаниялар Түркістанға аурухана, туризм колледжін тарту ететінін жеткізді. 

"Мемлекет басшысы әрбір нысанды қағазға мұқият белгілеп, оны салу міндеті кімге тапсырылғанын жазып алып отырды. Облыс әкімдігі мен компаниялар арасында келісімдер бекітілді", — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев қала халқының көбеюі мен туристердің көптеп келуіне байланысты теміржол вокзалын реконструкциялау, оның өткізу мүмкіндігін ұлғайту, сондай-ақ әуежай салу және әуе қатынастарын қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруды тапсырды.

"Түркістанды заманауи технологияларды қолдана отырып, төл мәдениетімізге сай қайта жаңғырту керек. Сондай-ақ, Түркістанды дамыту қорын да құрған дұрыс. Кім қолдау жасауға дайын, сол ақшаны аударсын.  "Көз — қорқақ, қол — батыр" демекші, осының бәрін бір-екі жылда бітіретін болсақ, Түркістан жайнап шыға келеді", — деді президент.

Жаңалықтар
0