АСТАНА, 28 қыркүйек— Sputnik. Қазақстан КХДР денуклеаризациялау бойынша жол картасын әзірлеуді ұсынды.
Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жоғары деңгейдегі отырысында ядролық қарусыздану кезеңділікті, шыдамдылықты, келісімді және барлық мүдделі тараптардың адал ниетін талап ететінін және Қазақстан оны өз тәжірибесінен білетінін атап өтті.
Сонымен қатар, ядролық қарусыз жолды таңдаудың арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың сенімді серіктесіне айналды, инвестицияларды тартып, экономикалық дамуды қамтамасыз етті.
Орталық Азиядағы қазіргі ядролық қарудан азат аймақ солтүстік жарты шардағы алғашқы және жалғыз аймақ болып табылады.
Әбдірахманов Сайрагүлдің соты Қытаймен арақатынасымызға қалай әсер ететінін айтты
"Осындай аймақты Солтүстік Шығыс Азияда құруға ұмтылу қажет. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Азия континентіндегі ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін атап, Қазақстан КХДР мен Жапонияның болашақта Кеңеске толық құқылы мүше ретінде кіруін маңызды деп санайды", — деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігі.