Қоғам

Әбдірахманов Қытайда қысым көріп жатқан қазақтар туралы айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновҚайрат Әбдірахманов
Қайрат Әбдірахманов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр Қытайдағы "саяси үйрену" лагері не екенін білмейтін болып шықты

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда қысым көріп жатқан қазақтардың мәселесіне қатысты қытай тарапымен келіссөз жүріп жатқанын тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Қытайдағы ШЫҰ саммитінде сөз сөйледі

"Бұл мәселе бойынша біз Қытайдағы әріптестермен белсенді консулдық консультациялар жүріп жатқаны туралы бірнеше рет түсініктеме бердік. Мен өзім келіссөз жүргіздім. Менің орынбасарым Үрімшідегі арнайы миссияларға барып, делегациялармен кездесті. Қазақстан азаматтарының мүддесіне қатыстының барлығын біз Қытай тарапымен ашық талқылап жатырмыз. Және БАҚ арқылы, Қазақстан азаматтығын алған Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу кезінде жұртшылықты үнемі хабардар етіп отыруға тырысамыз", — деді сыртқы саяси ведомство басшысы.

Журналистер министрден этникалық қазақтар айтып жүрген саяси үйрену лагері не екенін сұрады. 

"Мен білмеймін. Бұл, бәлкім, Қытайдың ішкі істеріне жататын шығар. Олар жауап бере алады", — деп қысқа қайырды Әбдірахманов. 

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде немен айналысып жатыр? 

Айта кетсек, алғаш рет өткен жылдың 23 маусымында Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Германиядан келген қазақ Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай үкіметінің ондағы қазақтарға қысым көрсетіп, қандастарымыздың құқықтарын таптап жатқанын жеткізген болатын. Мемлекет басшысы бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтып, Сыртқы істер министрлігіне мәселенің анық-қанығын анықтауды тапсырған еді. Осыдан кейін Қытайда қиындыққа тап болған этникалық қазақтар туралы ақпараттар көбейді. 

Sputnik Қазақстан Астанада тұратын оралман Күлпаш Кәдірбекқызының отбасы тап болған оқиға туралы жазған еді. 44 жастағы әйел күйеуі Нұрболат Сарыайттың Қытайдан аман-есен оралуын сарыла күтіп жүргеніне бір жарым жылдан асқан. Айтуынша, былтыр ақпан айында Қытайдағы үйін сатуға кеткен жұбайы сол кеткеннен мол кеткен. Қазақстанға қоныс аударған отбасына оралмақ болған ер адамның төлқұжатын Қытай билігі шекарада алып қойған. Бір емес, екі рет.

Теңіз шаяны өзін тірідей жеп жатқан қытай қызынан  кек қайтарды  

Жаңалықтар
0