Оқиға

Сценарий қайталанды: күдікті полицейдің әкесі әріптесінің қолынан ажал құшты

© AP Photo / Bikas DasТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы жылдың наурыз айында полковник Бердібек Берістемов қызметтік кабинетінде өлді - оған әріптесі оқ атқан

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласында полицейдің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды.

қару - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Батыс Қазақстанда полицей өз бастығын атып өлтірді

Әріптесін өлтірді деген күдікті осы жылы әкесінен айырылған. Күдіктінің әкесі Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы болған, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Полковник Бердібек Берістемовті 31 наурыз күні Талдықорғандағы қызметтік кабинетінде қоластындағы қызметкері атып өлтірді. Сол кездегі қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов марқұм мен оқ атқан азаматтардың бірге қызметтес болып қана қоймай, өмірде дос болғанын айтты. Ведомство басшысы қоластындағы қызметкердің мұндай қылмысқа моральдық-психикалық қысым салдарынан ғана баруы мүмкін екенін айтты.

Араға жарты жыл салып Берістемовтің ұлы әріптес-туысқанына оқ атты. Жәбірленуші көп ұзамай ауруханада көз жұмды. Олардың арасында тұрмыстық сипаттағы кикілжің туындаған: марқұм оқ атқан азаматтың әпкесінен, өзінің әйелінен кетіп қалған.

Аталған фактіге сәйкес, "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзіндік қауіпсіздік департаменті аталған фактіге сәйкес қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0