Қоғам

Нығматулин: Қазақстанда орташа жалақы 17 есе өсті

© Photo : пресс-служба мажилиса парламента РКНұрлан Нығматулин
Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәуелсіздік жылдарында 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны құрылған

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин азаматтарды жұмыспен қамту саласында шешілмеген мәселелерді атады, деп хабарлайды тілшісі.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін

Мәжілісте "Жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму перспективалары" атты парламенттік тыңдау басталды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасының арқасында Қазақстан 90-шы жылдардың басындағы қиын-қыстау кезеңнен аман-есен өткенін атап өтті.

"Өздеріңізге белгілі, егемендік алған алғашқы жылдар оңай болған жоқ. Шаруашылық бойынша барлық сала тоқтап, фабрикалар мен зауыттар жабылып, көптеген азамат жұмыссыз қалды. Зейнетақы, жалақы, басқа да әлеуметтік жәрдемақылар берілмеді. Бірақ та Елбасының саясатының арқасында біз аз уақытта осы қиын кезеңнен аман-есен өттік. Қазір елімізде еркін экономика құрылып, ол барлық салаға тың серпін берді. Осы уақыт ішінде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, орташа жалақы 17 есеге дейін өсті. Бұл біздің қол жеткен ең үлкен табыстарымыздың бірі деп санаймыз", — деп сөзін бастады спикер.

Нығматулин 2011-2016 жылдары елімізде жүзеге асқан Жұмыспен қамту жол картасы аясында 800 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылғанын айтты.

"Ал былтырдан бері елімізде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы басталды. Осы 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың кешенді жоспары республикамыздың барлық аймағын қамтиды деуге болады", — деді ол.

Осы орайда мәжіліс төрағасы еңбекпен қамту саласында бірқатар түйіні тарқамаған мәселеге тоқталды.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Forbes Головкинді ең жоғары жалақы алған 100 спортшының қатарына қосты

"Әрине, еңбекпен қамту саласында жеткен жетістіктеріміз көп. Бірақ та шешілмеген сұрақтар да аз емес. Бұл, біріншіден, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қатысты. Мемлекет басшысы оларды есепке алу, көлеңкелі аймақтан шығару туралы тапсырма берді. Бұл бағытта үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, депутаттық корпус бірлесе жұмыс істеуі қажет. Бүгінде депутаттар халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау туралы заң жобасымен жұмысқа кірісті. Тағы бір айта кететін мәселе, бүгінде білім беру мекемелерінде мамандарды даярлау нарық талабына сай болмай отыр. Себебі кадрларға деген сұранысқа терең талдау жасалмайды. Білім беру бағдарламалары қазіргі талаптарды толықтай орындамай отыр. Сол себепті студент жастарға оқуын бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс табу қиын. Осы мәселені шешу үшін кадрларға деген қажеттілік мониторингінің тиімді жүйесін құру қажет деп есептейміз", — деді Нығматулин.

Тағы бір маңызды мәселе ретінде төртінші өнеркәсіптік революция нәтижесінде жұмыс орындарының босап қалуын атап өтті.

"Автоматтандыру және цифрландыру кезінде әлемде кейбір кәсіптер 30 процентке қысқарады деген болжам бар. Бұл жолда еңбек ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру маңызды болып табылады. Осы жолда мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер бірлесе отырып, жұмыс істеуіміз қажет", — деп түйіндеді спикер.

Жаңалықтар
0