АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. Елордалық автобус жүргізушілерінің айлық жалақысы 400 мың теңгеге дейін баруы мүмкін, бастысы үш шарт орындалуы тиіс: уақыт кестесін бұзбау, жол жүру ережесін сақтау, жолаушылардан шағым түспеуі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.
"Қазір жүргізушілер белгіленген 200 мың теңге еңбекақы алады. Егер ол 15-18 күн толық еңбек етсе, ол зейнетақы мен салықты шегеріп қалғанда осы ақыны алады. Және егер бәрі дұрыс болып, оның атына шағым түспесе, жол оқиғасына түспесе, жұмыс ережесін бұзбаса қосымша 200 мың теңге қосылады. Сонымен қатар, ұзын автобустарда жүретін жүргізушілерге 50% үстеме қарастырылған. Бәрін қосқанда белгіленген еңбекақымен санағанда 400 мың теңге алуға мүмкіндік бар", — деді № 3 автопарк басшысы Бауыржан Тілеубергенов.
Астанада 21 шілдеден бастап автобустарда дифференцияланған тариф бекітілді.
Көлік картасын қайдан алуға болады?
Соған сәйкес, қала ішіндегі бағдарларда жолақы картамен төлегенде 90 теңге болады. Сонымен бірге, бір сағат ішінде бір рет автобусты ауыстырып міну тегін болмақ. Ал жолақыны ақшалай төлегенде қалалық автобуста жүру құны 180 теңге.