АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Міндетті түрде сәлем салуым керек пе? Жалпы жаттығуға кірісейін. Осылай деді Айсәуле Бақытбек отандық бағдарламалардың бірінде.
Бірнеше ай бұрын Баян Алагөзованың қызы сүйіктісінен үйлену туралы ұсыныс алды. Бойжеткен арада біраз уақыт өтсе де, неліктен тойдың болмай жатқанын түсіндірді.
"Кейде желідегі оқырмандарым тойды менен артық күтіп жүргендей көрінеді. Жігітім өмірімізде болып жатқанды сыртқа жария еткенді көп ұната бермейді. Мен оны сыйлайтындықтан, ашып ешнәрсе айтпай-ақ қояйын. Ол құпия болып қала берсін. Барлығын той болған кезде білесіздер. Адамдардың неліктен ұсыныс түскеннен кейін бір-екі ай ішінде той болуы керек деп ойлайтынын түсінбеймін. Бізде бәрі керемет. Той болып жатса, ол туралы міндетті түрде білетін боласыздар", — деді Айсәуле Бақытбек Қазақстан арнасының "Түнгі студия" бағдарламасында.
Баян Алагөзова "Қазақ аруы" кастингіне келген қыздарды қуып шықты
Десе де, бойжеткен тойының ел аузында жүргенін қаламайтынын жасырмады. Тіпті, келген қонақтар суретке түспеуі үшін ұялы телефондарын алып қоймақ екен.
"Шынымды айтсам, анама той болған кезде барлық қонақтан ұялы телефондарын алып қояйық деп айттым. Себебі, бүкіл Instgram оқырмандары менің тойымды көргенін қаламаймын. Оның үстіне анам барлығын шақырайын деп жатыр", — деді ол.
Сондай-ақ, бойжеткен бұл тойды жасау үшін несие алмайтынын және сәлем салу дәстүрі туралы көп ешнәрсе білмейтінін жеткізді.
"Құдайға шүкір, несиемен қиындық жоқ. Сіз мені қазір ыңғайыссыз жағдайға қалдырып тұрсыз. (…) Бірақ, білмеймін. Міндетті түрде сәлем бере ме? Жалпы сәлем салып жаттығуға кірісейін", — деді Баян Алагөзованың қызы.
Яғни Айсәуле Бақытбек болашақ жары мен отбасы үшін көп нәрсені үйренуге дайын екенін жеткізді.