Қоғам

Баян Есентаеваның жігіті ажырасты

© Sputnik / Данияр ДауталиевБаян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын БАҚ-та актриса мен продюсердің кәсіпкер Тұрсынғали Алакөзовқа тұрмысқа шығу ниеті бар екенін хабарлаған

АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Баян Мақсатқызының (Есентаева) қалаулысы Тұрсынғали Алагөзов әйелі – Ляйсара Алагөзовмен ажырасты. Ажырасу процесі бір күн бұрын Алматыда қаралды. 

"Іс 14 тамызда Бостандық аудандық сотында қаралды. Неке бұзылды. Шешім 30 күннен кейін күшіне енеді", — деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінде. 

Шілденің басында өткен баспасөз конференциясы барысында Баян Мақсатқызы (Есентаева) журналистердің неліктен Алагөзовпен некеңіз қиылмай жатыр деген сұрағына: ол ажыраса алмай жатыр, деп жауап берген. 


Жаңалықтар
0