Өңірлер

Ішіндегі әжені көрмей көлікті айдап әкеткен азамат 6 жылға сотталды

© PhotoШынжыр қылмыскердің қолында
Шынжыр қылмыскердің қолында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азамат артта отырған кейуананың дауысынан шошып көлікті ағашқа соққан

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Қарағандыда көлік ішінде отырған қарияны көрмей оны айдап әкеткен азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 24 жастағы қала тұрғыны бөтелкелесін пышақтап қашып бара жатқан. Осы кезде оталып тұрған көлікті көріп, оны ойланбастан мініп кеткен.

Жылап отырған қыз - Sputnik Қазақстан
Әлем
Он үш жастағы қызды азаптап, зорлаған педофил ерлі-зайыпты 100 жылға сотталды

Көліктің артқы орындығында көлік иесінің 80 жастағы анасы отырған. Ішімдікке мас болған күдікті салондағы қарияның айғайынан шошып, көлікті жол шетіндегі ағашқа соққан. Кейуана артқы орындыққа жатып алғандықтан зиян көрмеген. Ал оқиға болған жерден тәлтіректеп қашқан күдіктінің аяқ киімі шешіліп қалған, деп хабарлайды .

Ол сары аязда алысқа ұзай алмай қолға түсті. Енді қылмыскер сот шешімімен, талқандалған көлік үшін 11 миллион, ал пышақтаған досына 800 мың теңге өтемақы төлеуі тиіс.

 

 

Жаңалықтар
0