Әлем

Он үш жастағы қызды азаптап, зорлаған педофил ерлі-зайыпты 100 жылға сотталды

© Photo : Fotolia/VkaraЖылап отырған қыз
Жылап отырған қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот 28 жастағы ер адамды 60 жылға, ал үш жас кіші әйелін 40 жылға бас бостандығынан айырған

АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Американың Луизиана штатындағы Ама елді мекенінде ерлі-зайыпты 13 жастағы қызды зорлап, азаптағаны үшін 100 жылға сотталды.

Кіреберіс, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ол ештеңе айта алмай, жылай берді – педофил шабуылдаған баланың әжесі

28 жастағы Эрик Бург пен оның 25 жастағы әйелі Меган оқушыны зорлағанын мойындады. Ерлі-зайыпты жасаған қылмыстың жантүршігерлік болғаны соншалық, прокурор сотта істің мән-жайын айтудан бас тартты. Тек шабуылдың кем дегенде екі рет – 2014 және 2017 жылдарда жасалғаны белгілі болды, алайда сотталғандар біреуін ғана мойындаған, деп жазды life.ru. 

Сот үкімімен мерзімінен бұрын шартты босату құқығынсыз ер адам 60 жылға, ал әйел 40 жылға сотталды. 

Прокурор Джол Т.Чейссон олардың жағдайында бұл айтарлықтай жеңіл жаза екенін атап өтті. 

Бұған қоса, ерлі-зайыпты өмір бойына сексуалды қылмыскерлер тізіміне енгізілетін болды. Тіпті түрмеден жазасын өтеп шыққан күннің өзінде, жұрт олардың қандай қылмыс жасағанын біліп жүреді.


Жаңалықтар
0