Оқиға

Әріптесі оқ атқан полицей ауруханада көз жұмды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер ота жасағанмен, оқ тиген азаматты құтқарып қала алмады

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласында әріптесі оқ атқан полицей ауруханада жатып қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев тілшісіне хабарлады.

Полицей - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Полицей әріптесіне оқ атты: қылмыскер мен жәбірленуші туыс болып шықты

"Өкінішке орай, дәрігерлер әріптесі жазым қылған полицейді құтқарып қала алмады. Дәрігерлер ота мен қолдарынан келгеннің бәрін жасағанмен, полиция қызметкері кеше сағат 22.00 кезінде ауруханада көз жұмды", — деді ол.

Күдікті қолға түсті және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өлім фактісіне сәйкес тергеу жұмыстары басталды.

Жуырда жергілікті полиция инспекторының әріптесіне оқ атқаны белгілі болды. Кейін екеуінің туысқан екендері және араларында тұрмыстық сипаттағы кикілжің туындағаны анықталды. Жәбірленуші орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

 

 

Жаңалықтар
0