Оқиға

Полицей әріптесіне оқ атты: қылмыскер мен жәбірленуші туыс болып шықты

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әріптесіне оқ атқан полицейге қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды. Оқыс жағдай нарядқа түскеннен кейін болған

АЛМАТЫ, 26 қыркүйек — Sputnik. Әріптесіне оқ атқан полицей жәбірленушінің туысы болып шықты. Бүгін болған оқыс оқиғаның мән-жайын ҚР ІІМ реми өкілі Алмас Сәдубаев тілшісіне айтып берді.

Ер адам қару ұстап тұр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда полицей әріптесіне оқ атты

"Олардың арасында тұрмыстық-отбасылық сипаттағы кикілжің туындаған. Барлығы қаланың жергілікті полиция қызметі территориясында болған. Екеуі нарядқа түсерде әдеттегідей қару алып, біреуі қылмысқа барған: тапаншадан оқ атты", — деп түсіндірді Сәдубаев.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, оқ тиген полицей қаладағы орталық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Медицина қызметкерлері оның жағдайы туралы ақпарат айтудан бас тартты.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғау органының қызметкері аудандық ішкі істер бөлімінің ауласында өзінің бастығына оқ атқан еді. Полицей дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.

 

 

Жаңалықтар
0