Әлем

Мейрамханадан тапсырыс арқылы келген шауырма жігітті шошытты

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуШаурма дайындау. Архивтегі фото
Шаурма дайындау. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жігіт шауырманы жей бастағанда, ішінен өткір пышақ шыққан

АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Санкт-Петербург тұрғыны Микаэл Саакянц мейрамханадан тапсырыс берген шауырманың ішінен өткір пышақ шыққанын айтты. 

Ер адам "Яндекс. Еда" онлайн-сервисі арқылы қаладағы мейрамханалардың бірінен шауырмаға тапсырыс берген.

Тамақ салынған тәрелке - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкент дәмханасында қонақтар кешкі астан уланып қалды

"Қаптамаға оралған шауырманы әкелді. Ашып, жей бастадым. 2-3 рет тістегенде, тіліме өткір зат тиді. Қарасам, пышақ. Есеңгіреп қалдым, абырой болғанда, ешқандай жарақат жоқ", — деп жазды Микаэл фейсбуктегі парақшасында. 

Желі қолданушылары жігітке тұтынушылар құқығын қорғау қызметіне шағымданып, ведомстволық тексерістен кейін сотқа жүгініп, "моралдық зиян" өтеуін талап етуге кеңес берді, деп хабарлады 5-tv.ru

Кейбір қолданушылар шаурмадағы пышақ "түрмедегі адамға дайындалған сәлем-сауқат" деп топшылаған. 

"Яндекс. Еда" өкілдері істің мән-жайы анықталғанға дейін мейрамхананы қосымшадан алып тастауға уәде етті.

Жаңалықтар
0